Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Түркістан облысында дрон арқылы жаяу жүргіншіге жол бермеген 12 жүргізуші анықталды

Түркістан облысында дрон арқылы жаяу жүргіншіге жол бермеген 12 жүргізуші анықталды
Фото: polisia.kz

Түркістан облысында полиция қызметкерлері жол-көлік оқиғаларының алдын алу және болдырмау мақсатында профилактикалық күшейтілген іс-шаралар өткізуде,  деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Нәтижесінде тәулік ішінде жол қозғалысы ережелерін бұзудың 30-ға жуық дерегін анықтады. Іс-шара барысында тәртіп сақшылары бақылау жүргізу кезінде дрон құрылғысын пайдаланды. Атап айтқанда Сайрам ауданы көшелерінің бірінде жаяу жүргіншілерге жол бермеген Nissan автокөлігінің жүргізушісі анықталып, әкімшілік шара қолданылды.

Дәл осындай жайтпен 12 автокөлік жүргізушісі тіркелген. Айта кететін жайт Сайрам ауданының аумағында жыл басынан бері жаяу жүргіншілердің қатысуымен 51 жол-көлік оқиғасы тіркелді. Полиция қызметкерлері жол қозғалысына қатысушыларды белгіленген ережелерді қатаң сақтауға шақырады. Әсіресе жүргізушілер жаяу жүргіншілер өткеліне жақындаған кезде жылдамдықты төмендетіп, жаяу жүргіншілерге жол беруге міндетті.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Алматыда бір күнде 1,2 мыңнан астам ағаш егілді
Алматының Түрксіб ауданындағы «Жұлдыз» шағынауданында аулалар жаңартылды
Шымкентте Тіленшин көшесіндегі жаңа автокөлік өткелі ашылды
Almaty Marathon-да қайта өңдеуге жіберілетін қалдықтар жиналды
Қала күні мен Дүниежүзілік тазалық күніне орай 50 мыңнан астам алматылық жалпықалалық сенбілікке қатысты