Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Грант, диплом, магистратура: Оралда жұртты алдаған әйелдің айласы әшкере болды

Грант, диплом, магистратура: Оралда жұртты алдаған әйелдің айласы әшкере болды
Фото: polisia.kz

Батыс Қазақстан облысында білім беру саласына қатысты түрлі қызмет көрсетемін деген желеумен тұрғындардың ақшасын иемденген 35 жастағы әйелге қатысты қылмыстық іс сотқа жолданды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Қыркүйек айында Батыс Қазақстан облысының полиция департаментіне Орал қаласының тұрғыны арызданған. Оның айтуынша, бір әйел жоғары оқу орнында ақылы негізде білім алып жүрген ұлын грантқа ауыстырып беруге уәде етіп, 50 мың теңгесін алдап алған. Тексеру барысында аталған әйелдің осыған ұқсас жолмен бірнеше адамды алдағаны белгілі болды. Тергеу барысында күдіктінің Орал қаласы мен облыс аудандарының тұрғындарына білім беру саласына қатысты түрлі мәселелерді шешіп беруге уәде етіп, олардың қаражатын иемденгені анықталды. Атап айтқанда, ол педагогтердің санаттық тестілеуден өтуіне көмектесіп, шекті балл жинап беретінін айтып, бір тұрғыннан 60 мың теңге, екіншісінен 120 мың теңге алған. Сондай-ақ бірнеше адамға магистратураға түсуге және жоғары оқу орнының дипломын алуға көмектесетінін айтып, ақшаларын иемденген.

Күдікті уәде еткен қызметтері үшін тұрғындардан 50 мыңнан 500 мың теңгеге дейін алдын ала төлем алған. Алайда берген уәделерін орындамаған. Осыдан кейін жәбірленушілер полицияға арызданған. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері күдіктінің жеке басын анықтады. Ол Орал қаласының 35 жастағы тұрғыны болып шықты. Аталған деректер бойынша тоғыз эпизодтан тұратын қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізілді. Қазіргі уақытта іс сотқа жолданды.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Алматы облысы Республика күнін кең көлемде атап өтті
Қазақстан Президенті Бельгиялықтар Королімен және Патшайымымен бірге Ұлттық музейге барды
Алматыда бір күнде 1,2 мыңнан астам ағаш егілді
Алматының Түрксіб ауданындағы «Жұлдыз» шағынауданында аулалар жаңартылды
Шымкентте Тіленшин көшесіндегі жаңа автокөлік өткелі ашылды