Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алдаумен несие алуға көмектесемін деп өзгенің ақшасын иемденген елордалық азаматша анықталды

Алдаумен несие алуға көмектесемін деп  өзгенің ақшасын иемденген елордалық азаматша анықталды
Фото: pixabay.com

«Сарыарқа» ауданы ПБ қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында алаяқтық жолмен заңсыз ақша қаражатын иемденді деген күдікпен 59 жастағы қала тұрғынын анықтады, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Астана қаласы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тергеу барысында анықталғанындай, әйел ортақ таныстары арқылы жәбірленушімен танысқан. Банкте қызмет ететін жақын туыстарым бар деген сылтаумен әйелдің сеніміне кірген алаяқ, тиімді шарттармен несие алып беруді ұсынған. Өзінің қызметі үшін жәбірленушіден 500 мың теңге көлемінде ақша қаражатын алып, төмен пайызбен несие алып беруге уәде берген. Алайда, кейін әртүрлі сылтаулар айтып, уәдесін орындамай хабарсыз кеткен. Алаяққа алданып қалғанын түсінген жәбірленуші полицияға жүгінген.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Әйел кінәсін мойындады, оның елорда аумағында жасалған осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде.

Астана қаласының полиция департаменті азаматтарға сақ болуды, бейтаныс адамдарға сенбеуді ескертеді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты