Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Астанада тұрғындарды грантқа оқуға түсіремін деп сан соқтырған күдікті анықталды

Астанада тұрғындарды грантқа оқуға түсіремін деп сан соқтырған күдікті анықталды
Фото: pixabay.com

Астанада тұрғындарды грантқа оқуға түсіремін деп сан соқтырған күдікті анықталды, - деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. 

Астанада 33 жастағы әйел “оқу тағдырын шешіп беремін” деп сендіріп, бірнеше студент пен олардың ата-анасын сан соқтырған. Тергеу деректеріне сүйенсек, күдікті өзін жоғары оқу орнында беделді байланыстары бар адам ретінде таныстырған. Ол ақылы бөлімде оқып жүрген студенттерге мемлекеттік грантқа ауыстырып беремін деп уәде еткен. “Бар болғаны ақшасын берсеңдер болды, қалғанын өзім реттеймін” деп сендірген.

Ата-аналар балаларын грантқа түсіру үшін соңғы тиынына дейін жинап берген. Бірі қарыз алған, бірі тұрмыстық техникасын сатқан. Алайда грант та жоқ, ақша да жоқ – ал “көмекші ханым” жұмыстан шығып, телефон сөндіріп, ғайып болған. Шығын көлемі 800 мың теңге. Жәбірленушілер біраз уақыт күтіп, уәде орындалмаған соң, полицияға шағымданған. Қазір күдіктіге қатысты ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Тәртіп сақшылары оның осындай әдіспен алдаған басқа да азаматтарға қатысы бар-жоғын тексеріп жатыр. Елордалық полиция азаматтарға мұндай “таныс арқылы тез шешілетін” ұсыныстарға сенбеуге кеңес береді: “Грант – таныстықпен емес, тек біліммен және заңды жолмен беріледі”.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
«Таза Қазақстан»: Астанада «Рыскелді қажы» мешітінің маңында экологиялық акция өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Президенті Владимир Путин шағын құрамда келіссөз жүргізді