Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Биыл 102 арнасына азаматтардан 4 миллионнан астам өтініш түсті

Биыл 102 арнасына азаматтардан 4 миллионнан астам өтініш түсті
Фото: polisia.kz

Биыл 102 арнасына азаматтардан 4 миллионнан астам өтініш түсті,  деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. 

Полицияның шұғыл шақыруларға арналған 102 байланыс желісі – халықтың ішкі істер органдарына хабарласуы үшін ең көп пайдаланатын байланыс арналарының бірі. Еліміз бойынша күн сайын азаматтардан шамамен 12-15 мың өтініш келіп түсіп, өңделеді. Жыл басынан бері 4 миллион 117 мыңнан астам өтініш қабылданған. 102 нөміріне келіп түскен барлық қоңырау ақпараттық жүйеде автоматты түрде тіркеліп, полицияның кешенді күштері арқылы тиісті шаралар қабылданады. Бұл ретте бірде-бір хабарлама назардан тыс қалмайды.

“Полицияның халыққа қолжетімділігі” қағидатын іске асыру аясында тұрғындар үшін тікелей 102 телефон нөмірінен бөлек, өтініш қабылдаудың қосымша арналары қарастырылған. Атап айтқанда, өтініштерді қабылдаудың омниканалды жүйесі, “Police 102” мобильді қосымшасы, “SOS” дабыл түймесі, сондай-ақ “Заң және тәртіп” сервисі жұмыс істейді. Аталған байланыс арналары азаматтарға оқиғалар мен құқық бұзушылықтар туралы полицияға жедел хабарлауға мүмкіндік береді. Келіп түскен хабарламалар оқиғаның сипаты мен болған орны ескеріле отырып, тексеру жүргізу және тиісті шаралар қабылдау үшін ішкі істер органдарының құзыретті бөлімшелеріне жолданады.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Алматы облысы Республика күнін кең көлемде атап өтті
Қазақстан Президенті Бельгиялықтар Королімен және Патшайымымен бірге Ұлттық музейге барды
Алматыда бір күнде 1,2 мыңнан астам ағаш егілді
Алматының Түрксіб ауданындағы «Жұлдыз» шағынауданында аулалар жаңартылды
Шымкентте Тіленшин көшесіндегі жаңа автокөлік өткелі ашылды