Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Астанада полиция қызметкерлері омниканалды жүйе арқылы 3200-ден астам өтініш қабылдады

Астанада полиция қызметкерлері омниканалды жүйе арқылы 3200-ден астам өтініш қабылдады
Фото: Polisia.kz

Астанада полиция қызметкерлері жыл басынан бастап омниканалды жүйе арқылы 3200-ден астам өтініш қабылдады, - деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Астана қаласы полиция департаменті азаматтармен тиімді өзара іс-қимылды қамтамасыз ету мақсатында омниканалды жүйені енгізіп, бұл бастама қазіргі уақытта халықпен байланысудың сәтті үлгісіне айналды. Жыл басынан бері аталмыш жүйе арқылы 3200-ден астам өтініш қабылданды. Оның ішінде 30-дан астам бейнеқоңырау, 3200-ге жуық SMS хабарлама тіркелген. Бұл жүйе полиция қызметкерлеріне азаматтардың өтініштерін жедел әрі тиімді өңдеуге мүмкіндік береді. Мысалы жүйе арқылы келіп түскен өтініштердің бірі жол қозғалысы ережелерінің бұзылуына қатысты болды. Қала тұрғыны омниканалды байланыс арқылы хабарласып, Hyundai маркалы автокөліктің рұқсат етілмеген жерге қойылғанын мәлімдеді. Ақпарат тез арада тексеріліп, полиция қызметкерлері жол ережесін бұзған 48 жастағы жүргізушіні анықтап, оған ҚР ӘҚБтК-нің 597-бабы 3-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырды. 

- Омниканалды жүйе – бұл халықпен жедел әрі тиімді байланыс орнатудың заманауи тәсілі. Астана қаласы полиция департаменті бұл бастаманы одан әрі дамытып, тұрғындарға қолжетімді әрі сапалы қызмет көрсету жұмысын жалғастыра бермек, – деп атап өтті департамент өкілдері.



скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты