Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматыда тұрғын үйде мефедрон өндіретін есірткі зертханасы жойылды

Алматыда тұрғын үйде мефедрон өндіретін есірткі зертханасы жойылды
Фото: polisia.kz

Алматы қаласында полиция қызметкерлері синтетикалық есірткі өндіретін шағын есірткі зертханасын жойды,  деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
- Жедел уәкілдердің назарына көпқабатты тұрғын үй кешенінде "мефедрон" синтетикалық есірткісін дайындау арқылы есірткі бизнесін жолға қойған қаланың 34 жастағы тұрғыны ілікті. Шағын зертхананың ерекшелігі - қаскүнем жағымсыз иіс, газдармен көршілердің назарын аудармау үшін өндірісті ғимараттың ең жоғарғы қабатында әрі сорғышты үйдің желдеткіш шахтасына қосу арқылы арнайы ұйымдастырған. Пәтерді тінту кезінде бір килограмм дайын өнім, кристалдары бар алты шыны науа, дихлорметан құйылған алты бөтелке, реактивтері бар тоғыз канистр, зертханалық ыдыстар, электронды таразылар және жеке қорғанысқа арналған киім табылды. Тәркіленген есірткінің жалпы салмағы 4,5 кг құрады, - деді ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитетінің басқарма бастығы Бақытжан Әмірханов.

Есірткіні ұйымдастыру және өндіру фактісі бойынша Қылмыстық кодекстің 297-1-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Күдіктіге өмір бойына бас бостандығынан айыруға дейінгі жаза қарастырылуы мүмкін. Ішкі істер министрлігі "Заң мен Тәртіп" қағидатын іске асыру аясында ел аумағында есірткі өндірісін жолға қоюға бағытталған кез келген әрекетті қатаң түрде тоқтататынын ескертеді.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Алматы облысы Республика күнін кең көлемде атап өтті
Қазақстан Президенті Бельгиялықтар Королімен және Патшайымымен бірге Ұлттық музейге барды
Алматыда бір күнде 1,2 мыңнан астам ағаш егілді
Алматының Түрксіб ауданындағы «Жұлдыз» шағынауданында аулалар жаңартылды
Шымкентте Тіленшин көшесіндегі жаңа автокөлік өткелі ашылды