Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматы облысында синтетикалық есірткі өндіретін зертхана әшкереленді

Алматы облысында синтетикалық есірткі өндіретін зертхана әшкереленді
Фото: polisia.kz

Алматы облысында синтетикалық есірткі өндіретін зертхана әшкереленді, - деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. 

Алматы облысы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері ҚР ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитетінің үйлестіруімен, сондай-ақ Қарасай аудандық полиция басқармасы мен прокуратура органдарының қолдауымен синтетикалық есірткі өндіретін есірткі зертханасын жойды. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында екі күдікті анықталып, ұсталды. Негізгі күдікті қазіргі уақытта қамауға алынды. Тінту барысында мефедрон синтетикалық есірткісі, оны дайындауға арналған жабдықтар мен шыны ыдыстар, прекурсорлар және түрлі химиялық заттар табылып, тәркіленді.

– Жедел ақпарат негізінде полиция қызметкерлері көзге түсе бермейтін саяжай үйінде орналасқан жасырын зертхананы анықтады. Бұл зертхананың ерекшелігі – оның шағын әрі жасырын түрде жұмыс істеуі. Заңсыз өндіріс тұрғын үйдің бір бөлмесінде ұйымдастырылған. Полиция қызметкерлерінің уақтылы және үйлесімді әрекеттерінің арқасында қылмыстық әрекет бастапқы кезеңінде-ақ тоқтатылды. Күдіктілер ірі көлемдегі есірткі партиясын дайындап, оны заңсыз айналымға жіберіп үлгермеді, – деп атап өтті ведомство өкілдері.

Осылайша, құқық қорғау органдары қауіпті психоактивті заттардың таралуына жол бермей, көптеген азаматтардың денсаулығы мен өмірін сақтап қалды. Айта кету керек, синтетикалық есірткі дайындау барысында адам өмірі мен денсаулығына аса қауіпті, улы химиялық компоненттер қолданылады. Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Өзге ақпарат ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес жария етуге жатпайды.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті