Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматы полициясы ірі есірткі зертханасын жойды

Алматы полициясы ірі есірткі зертханасын жойды
Фото: Polisia.kz

Алматы полициясы ірі есірткі зертханасын жойды, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Алматыда есірткі зертханасы жойылды. Ол қаланың Медеу ауданында жеке секторда орналасқан.

– Арнайы іс-шара қалалық прокуратураның үйлестіруімен жүргізілді. Жалдамалы үйде синтетикалық есірткі өндіруді ұйымдастырған 35 жастағы Алматы облысының тұрғыны ұсталды. Тінту кезінде ұнтақты заттар салынған ондаған полиэтилен байламдар, белгілі бір иісі бар көлемді канистрлерге салынған шикізат, сорғышы және гофры бар 1,80*1,20 өлшемді монша, ішінде реагенттерді, шелектерді, қабаты бар пластмассаны араластыруға бейімделген 150 литрлік пластикалық бөшке, таразылар және басқа да зертханалық жабдықтар анықталды және процессуальдық түрде тәркіленді. Сот-химиялық сараптамасының мәліметтері бойынша, ұнтақты зат – мефедрон, салмағы 21 келі 773 грамм, – деді Алматы қалалық полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Қуатбек Науатов.

Аталған дерек бойынша Медеу аудандық полиция басқармасы сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады. Есірткі зертханасының маманы қамауға алынды. Алматы қаласын “синтетика” өндірісі үшін шикізатпен қамтамасыз ету арнасы анықталуда.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
«Таза Қазақстан»: Астанада «Рыскелді қажы» мешітінің маңында экологиялық акция өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Президенті Владимир Путин шағын құрамда келіссөз жүргізді