Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Елімізде астықтан мол өнім жиналды

Елімізде  астықтан мол өнім жиналды
Фото: ҚР АШМ баспасөз қызметі

Жекелеген астық егетін өңірлерде жауын-шашын тапшылығы ұзаққа созылғанына қарамастан, биыл елімізде астық түсімі жоғары болды. Егін жинау науқанының қорытындысы бойынша 24,3 млн тонна астық бастырылды. Әр гектардан орта есеппен 15,6 центнер өнім алынды. Бұл көпжылдық орташа көрсеткіштен жоғары, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі ҚР АШМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Биыл ауыл шаруашылығы саласы үшін ауа райы қолайсыздау болды деуге негіз бар. Себебі, бірқатар өңірлерде ұзақ уақыт жауын-шашын болмай, құрғақшылық байқалды. Бұл егіс алқаптарының жай-күйіне кері әсер етіп, өнім көлеміне қауіп төндірді.

Соған қарамастан, агротехникалық жұмыстардың уақытылы жүргізіліп, шаруашылықтардың қажетті ресурстармен қамтамасыз етілуінің және мемлекет тарапынан көрсетілген кешенді қолдаудың арқасында саланың өндірістік әлеуеті өз деңгейінде сақталды.

Егіншілік саласындағы технологиялық жаңғырту жұмыстары да оң нәтижесін берді. Биыл ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер 2,1 млн тонна минералдық тыңайтқыш енгізді. Бұл ғылыми негізделген қажеттіліктің 66 пайызына тең. Элиталық тұқымдардың үлесі 12 пайызды құрап, жоспарланған 11,6 пайыздық көрсеткіштен асты.

Ауыл шаруашылығы техникасын жаңарту жұмыстары жалғасуда. Жеңілдетілген лизинг бағдарламасының көмегімен шаруашылықтар 11 мыңнан астам ауыл шаруашылығы техникасын сатып алды. Машина-трактор паркін жаңарту деңгейі 7 пайызға жетті. Жыл соңына дейін бұл көрсеткішті 8 пайызға жеткізу көзделіп отыр.

Егін жинау науқанын уақытылы өткізу үшін өңірлерге 401,1 мың тонна дизель отыны бөлінді. Бұдан бөлек, егін жинау кезеңіндегі жауын-шашынға байланысты астық кептіруге қосымша 41,3 мың тонна отын бағытталды.

Биылғы көрсеткіштер өсімдік шаруашылығын дамытуда кешенді қолдаудың және заманауи технологияларды енгізудің маңызын көрсетті.

Ендігі басты міндет - әр гектардан алынатын өнім көлемін арттыру, өндірістік шығындарды азайту және ауыл шаруашылығының климат өзгерісіне бейімделу мүмкіндігін одан әрі күшейту. Бұл бағытта жұмыс үздіксіз жалғасатын болады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Алматы облысы Республика күнін кең көлемде атап өтті
Қазақстан Президенті Бельгиялықтар Королімен және Патшайымымен бірге Ұлттық музейге барды
Алматыда бір күнде 1,2 мыңнан астам ағаш егілді
Алматының Түрксіб ауданындағы «Жұлдыз» шағынауданында аулалар жаңартылды
Шымкентте Тіленшин көшесіндегі жаңа автокөлік өткелі ашылды