Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қазақстанда сүт безі обырын ерте анықтауға арналған Бірыңғай ашық есік күні өтеді

Қазақстанда сүт безі обырын ерте анықтауға арналған Бірыңғай ашық есік күні өтеді

2026 жылғы 31 қазанда сағат 09:00–13:00 аралығында Қазақстанның емханалары мен онкологиялық орталықтарында «Қызғылт қазан» науқаны аясында Бірыңғай ашық есік күні өтеді. Әйелдер онколог-маммологтың тегін кеңесін алып, қолжетімді тексерулерден өтіп, сүт безі обырын ерте анықтау жөнінде ұсынымдар ала алады. Қабылдау уақытын, тексерулер тізбесін және алдын ала жазылу қажеттігін өз медициналық ұйымыңыздан нақтылаған жөн, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі ҚазОРҒЗИ-ға сілтеме жасап.

Сүт безі обыры Қазақстандағы әйелдер арасында онкологиялық аурулар құрылымында бірінші орында тұр. 2025 жылдың қорытындысы бойынша елімізде осы аурудың 5 743 жаңа жағдайы тіркелді. Әйелдердің хабардарлығын арттыру, диагностиканың қолжетімділігін қамтамасыз ету және емдеуді уақтылы бастау онкологиялық қызмет жұмысының басым бағыттары болып қала береді.

Сүт безі обырын анықтауға арналған ұлттық скрининг бағдарламасы 2008 жылдан бері іске асырылып келеді. 2008–2025 жылдары бағдарлама аясында аурудың 19 018 жағдайы анықталды, оның ішінде 8 139 жағдай — I сатыда, 9 047 жағдай — II сатыда. Скрининг ауру белгілері пайда болғанға дейін, соның ішінде өзін сау сезінетін және шағымы жоқ әйелдерде де күмәнді өзгерістерді анықтауға мүмкіндік береді.

Скрининг аясында III–IV сатыларда анықталған сүт безі обыры жағдайларының саны 2011 жылғы 66-дан 2025 жылы 16-ға дейін азайды. Бұл деректер тек скринингтік тексерулерге қатысты және елдегі аурудың кеш сатыларында анықталған жағдайлардың жалпы санын көрсетпейді.

Қазақстанда маммографиялық скрининг 40 жастан бастап 76 жасты қоса алғанда, екі жылда бір рет жүргізіледі. Тексеруден сүт безінің қатерлі ісіктеріне байланысты динамикалық бақылауда тұрмайтын әйелдер өтеді. Скринингтен тіркелген жері бойынша емханада тегін өтуге болады. Негізгі тексеру әдісі — маммография. Ол клиникалық белгілер пайда болғанға дейін сүт безі тіндеріндегі өзгерістерді анықтауға мүмкіндік береді.

«Қызғылт қазан» акциясы аясындағы іс-шаралар Қазақстанда 2013 жылдан бері өткізіліп келеді. Емханалар мен онкологиялық орталықтарда мамандардың консультациялары, ақпараттық кездесулер және көшпелі іс-шаралар ұйымдастырылады. Ауылдық жерлер мен шалғай елді мекендерде тұратын әйелдерге ерекше назар аударылады.

2025 жылы науқан аясында 8 400-ден астам әйел тексеруден өтті. 3 337 әйелде сүт бездерінің әртүрлі патологиялары анықталды, оның ішінде сүт безі обырының 144 жағдайы тіркелді.

Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институты еске салады: шағымдардың болмауы белгіленген мерзімде скринингтен өту қажеттігін жоққа шығармайды. Сүт бездерінде өзгерістер байқалса, жоспарлы тексеруді немесе ашық есік күнін күтпей, дәрігерге жүгіну қажет.

Қандай жағдайда жоспарлы тексеруді күтуге болмайды?

Сүт безінде немесе қолтық аймағында түйіннің пайда болуы, сүт безінің пішіні не көлемінің өзгеруі, бұрын байқалмаған асимметрия немесе ісіну дәрігерге жүгінуге себеп болады. Сондай-ақ бала емізу кезеңінен тыс уақытта емізік ұшынан бөлінділердің, әсіресе қанды немесе баспай-ақ өздігінен шығатын бөлінділердің болуы, емізік ұшының немесе терінің ішке тартылуы, ойықтардың пайда болуы, сүт безі, емізік ұшы немесе оның айналасындағы терінің қызаруы, қалыңдауы не қабыршақтануы назар аударуды қажет етеді.


 скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Алматы облысы Республика күнін кең көлемде атап өтті
Қазақстан Президенті Бельгиялықтар Королімен және Патшайымымен бірге Ұлттық музейге барды
Алматыда бір күнде 1,2 мыңнан астам ағаш егілді
Алматының Түрксіб ауданындағы «Жұлдыз» шағынауданында аулалар жаңартылды
Шымкентте Тіленшин көшесіндегі жаңа автокөлік өткелі ашылды