Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

«ҚазАвтоЖол» мен қазақстандық банктер синдикаты $700 млн дейінгі сомаға кредиттік келісімге қол қойды

«ҚазАвтоЖол» мен қазақстандық банктер синдикаты $700 млн дейінгі сомаға кредиттік келісімге қол қойды
Фото: primeminister.kz

Жол саласын қаржыландыру және инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға екінші деңгейдегі банктерді тарту мәселесі туралы дөңгелек үстелде «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы мен Halyk Bank, ЦентрКредит Банкі және Еуразиялық банк құрамындағы қазақстандық банктер синдикаты арасында кредиттік келісімге қол қойылды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Келісім Қазақстанның Даму Банкі (ҚДБ) алдындағы «ҚазАвтоЖол»-дың қазіргі қарызын қайта қаржыландыру үшін $700 млн-ға дейінгі сомаға қаржыландыру беруді көздейді.

Бұған дейін ұлттық оператор республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын жөндеу жобаларын іске асыру үшін ҚДБ қаражатын тартқан болатын. Жаңа келісімге сәйкес қаржыландыру 2034 жылға дейін беріледі. Синдикатталған қаржыландыруды ұйымдастырушы және агент-банк Halyk Bank болып отыр.

Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин атап өткендей, қол жеткізілген уағдаластықтар кредиттік жүктемені қаржы институттары арасында қайта бөлуге және жаңа басым инфрақұрылымдық жобаларды қаржыландыру үшін ҚДБ кредиттік лимитінің бір бөлігін босатуға мүмкіндік береді.

«Мемлекет басшысы экономиканың нақты секторын қаржыландыруға екінші деңгейдегі банктердің неғұрлым белсенді қатысуы және ірі жобаларды іске асыруға жеке капиталды тарту қажеттігін бірнеше рет атап өтті. Бүгін біз осындай өзара әрекеттестіктің нақты мысалын көріп отырмыз. Бұл жерде сөз жол құрылысына жаңа қарыз алу туралы емес, коммерциялық банктердің қаражаты есебінен ҚДБ алдындағы қолданыстағы міндеттемелерді қайта қаржыландыру туралы болып отырғаны аса маңызды. Бұл банк секторының инфрақұрылымды қаржыландыруға қатысуын арттырып қана қоймай, даму институтының ресурстарын жаңа жобаларды іске асыруға бағыттауға мүмкіндік береді», — деп атап өтті вице-премьер.

Екінші деңгейдегі банктерді жол инфрақұрылымын дамытуға тарту ішкі инвестициялық ресурстарды қосымша жұмылдыруға және ірі ұлттық жобалардың мемлекеттік қаржыландыруға тәуелділігін төмендетуге мүмкіндік береді. Мұндай тетік коммерциялық банктердің, бюджет шығыстарын жұмсамай-ақ, экономиканы дамытуға анағұрлым белсенді қатысуына жағдай жасайды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Алматы облысы Республика күнін кең көлемде атап өтті
Қазақстан Президенті Бельгиялықтар Королімен және Патшайымымен бірге Ұлттық музейге барды
Алматыда бір күнде 1,2 мыңнан астам ағаш егілді
Алматының Түрксіб ауданындағы «Жұлдыз» шағынауданында аулалар жаңартылды
Шымкентте Тіленшин көшесіндегі жаңа автокөлік өткелі ашылды