Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

ҚазАвтоЖол мен Ислам Даму Банкі «Қызылорда қаласының айналма жолының» құрылысын қаржыландыру бойынша келісімге қол қойды

ҚазАвтоЖол мен Ислам Даму Банкі «Қызылорда қаласының айналма жолының» құрылысын қаржыландыру бойынша келісімге қол қойды
Фото: ҚР Көлік министрлігі

Республикалық маңызы бар «Қызылорда қаласының айналма жолы» автомобиль жолын қайта жаңарту жобасын қаржыландыру туралы келісімге қол қойылды. Құжатқа «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Дархан Иманашев және Ислам даму банкінің өңірлік хабының басшысы Хан Әли Мухаммад қол қойды. Қарыздық қаржыландырудың жалпы көлемі 40,7 млрд теңгені құрайды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі ҚР Көлік министрлігіне сілтеме жасап.

Аталған жобаны іске асыру Қызылорда облысының көлік инфрақұрылымын дамытудағы маңызды кезеңдердің бірі болмақ. Жоба жол желісінің өткізу қабілетін арттыруға, жол қозғалысы қауіпсіздігін күшейтуге және өңірдегі елді мекендердің көлік байланысын жақсартуға мүмкіндік береді.

Жоба аясында жалпы ұзындығы 25 шақырымды құрайтын айналма жолды қайта жаңарту көзделген. Атап айтқанда, 14,6 шақырым учаске I-б техникалық санат талаптарына дейін жеткізілсе, 10,4 шақырым бөлігі II техникалық санатқа сәйкестендіріледі. Жобаны іске асыру мерзімі 2026–2029 жылдарға жоспарланған.

«ҚазАвтоЖол» басшысы Дархан Иманашев атап өткендей, халықаралық қаржыландыруды тарту стратегиялық маңызы бар инфрақұрылымдық жобаларды кезең-кезеңімен жүзеге асыруға және заманауи, қауіпсіз әрі тұрақты жол желісін қалыптастыруға мүмкіндік береді.

«Қызылорда қаласының айналма жолын қайта жаңарту өңір үшін ғана емес, елдің жалпы көлік жүйесі үшін де маңызды. Жоба көлік ағындарын тиімді қайта бөлуге, қозғалыс қауіпсіздігі мен жайлылығын арттыруға, сондай-ақ облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуына қосымша серпін беруге ықпал етеді», – деді Дархан Иманашев.

Жоба бойынша конкурстық рәсімдер жобалау, құрылыс және кейінгі пайдалануды қамтитын DBM тетігі негізінде өткізілді. Конкурс қорытындысы бойынша отандық мердігер ұйым анықталды.

Жобаны іске асыру айтарлықтай әлеуметтік-экономикалық тиімділік береді деп күтілуде. Атап айтқанда, жолды қайта жаңарту нәтижесінде жол жүру уақыты қысқарып, көлік қатынасының тиімділігі артады және 492 жаңа жұмыс орны ашылады.

Ислам даму банкімен келісімге қол қою Қазақстанның инфрақұрылымдық бастамаларына халықаралық қаржы институттарының жоғары сенім білдіретінін көрсетеді және автожол желісін одан әрі жаңғыртуға қосымша мүмкіндіктер ашады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Halyk Bank қызметкерлері «Таза Қазақстан» акциясына белсене қатысты
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады