Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Серік Жұманғарин «ADCB» Ислам Банкінің басшылығымен Қазақстан экономикасына инвестиция көлемін арттыру жайын талқылады

Серік Жұманғарин «ADCB» Ислам Банкінің басшылығымен Қазақстан экономикасына инвестиция көлемін арттыру жайын талқылады
Фото: primeminister.kz

Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин «ADCB» Ислам Банкі» АҚ Басқарма төрағасы Гордон Хаскинспен кездесу өткізді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«ADCB» Ислам Банкі – Қазақстан мен ТМД елдерінде ашылған алғашқы ислам банкі. 2010 жылы Қазақстан Республикасы мен Біріккен Араб Әмірліктері арасындағы үкіметаралық келісімге сәйкес құрылған. 15 жыл ішінде банк еліміздегі жобаларды $3 млрд-тан астам сомаға қаржыландырды. Бұлардың ең ірісі – Атырау облысындағы жылына 1,25 млн тонна полиэтилен өндіретін зауыт құрылысы (Silleno жобасы), АМӨЗ және ПМХЗ-да сутегі мен азот өндіретін қондырғылар, құрылыс саласындағы темір жол инфрақұрылымын жаңғырту жобалары және тағы басқалар.

«Даму» қорымен жұмыс шеңберінде банк экономиканың басым секторындағы кәсіпкерлерді қолдауға 25 млрд теңге бөлді. Қордың басқарма төрағасы Фархат Сәрсековтің айтуынша, бизнестің исламдық қаржыландыру құралына деген қызығушылығы жоғары.

Кездесу барысында қатысушылар ынтымақтастықтың алдағы перспективасын, оның ішінде ислам банкингінің Қазақстанның салық заңнамасымен өзара іс-қимыл мәселесін талқылады. Банк өкілдері қазақстандық жобаларды қаржыландыру көлемін ұлғайту жоспары туралы хабарлады.

Серік Жұманғарин агроөнеркәсіптік кешенді, әсіресе мал шаруашылығына инвестиция салуды ең перспективалық жобаның бірі ретінде қарастыруды ұсынды. Қазақстан Таяу Шығыс елдерінің премиум сапалы өнімге деген жоғары сұранысына сай ет экспортын тұрақты түрде арттырып келеді.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті