Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Таиландтан Қазақстанға есірткі жеткізген азамат 16 жылға сотталды

Таиландтан Қазақстанға есірткі жеткізген азамат 16 жылға сотталды
Фото: polisia.kz

Көлік полицейлері Таиландтан есірткі контрабандасын тасымалдау әрекетінің жолын кесті, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Жыл басынан бері көліктегі полиция департаментінің қызметкерлері "Заң мен тәртіп" қағидатын іске асыру аясында Астана және Алматы әуежайларында есірткі контрабандасының 27 дерегін анықтап, жолын кесті. Заңсыз айналымнан шамамен 180 мың бір реттік дозаға тең келетін 98 келі есірткі тәркіленді. Осылайша есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімшесі елге есірткі жеткізудің сыртқы арналарының жолын кесті. Тәркіленген заттардың қара нарықтағы жалпы құны 2,5 млрд теңгеге бағаланады. Бұл туралы көліктегі ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Фараби Елубаев мәлімдеді. Оның айтуынша, бұл көрсеткіштердің артында азаматтардың және тұтас ұлттың денсаулығын қорғау жолында күн сайын қажырлы еңбек етіп жүрген тәртіп сақшыларының жұмысы тұр.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында көлік полицейлері 20 жастағы шетел азаматын анықтап, ұстады. Одан 17 келі есірткі тәркіленді. Тергеу барысында оның Таиландтан Қазақстанға есірткі партиясын жеткізіп, кейін заңсыз өткізу арналары арқылы таратуды жоспарлағаны анықталды. Көлік полицейлерінің жедел әрекетінің арқасында халықаралық есірткі тасымалының жолы кесілді. Сот шешімімен ұсталған азамат кінәлі деп танылып, 16 жылға бас бостандығынан айырылды. Халықаралық есірткі тасымалы арналарының жолын кесу жұмыстары жалғасуда және ерекше бақылауда. Ф.Елубаев азаматтарды қырағы болуға және күдік тудыратын кез келген жағдай туралы полицияға дереу хабарлауға шақырды.

– Егер ішіндегісі белгісіз болса, бөгде адамдардан сақтау немесе тасымалдау үшін, тіпті ақшалай сыйақыға да, сәлемдемелерді, пакеттерді және өзге де заттарды қабылдауға қатаң тыйым салынады. Сенгіштік пен сақтық танытпау адамның қылмысқа сыбайлас ретінде тартылуына және ауыр зардаптарға әкелуі мүмкін, – деді Ф.Елубаев.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Алматы облысы Республика күнін кең көлемде атап өтті
Қазақстан Президенті Бельгиялықтар Королімен және Патшайымымен бірге Ұлттық музейге барды
Алматыда бір күнде 1,2 мыңнан астам ағаш егілді
Алматының Түрксіб ауданындағы «Жұлдыз» шағынауданында аулалар жаңартылды
Шымкентте Тіленшин көшесіндегі жаңа автокөлік өткелі ашылды