Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Есірткі контрабандасымен айналысқан тұрғын 16 жылға сотталды

Есірткі контрабандасымен айналысқан тұрғын 16 жылға сотталды
Фото: polisia.kz

Көліктегі полиция департаментінің қызметкерлері халықаралық пошта жөнелтілімдері арқылы аса ірі мөлшерде есірткі заттарын контрабандалық жолмен өткізу фактісінің жолын кесті, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Астана қаласының 32 жастағы тұрғыны Таиландтан Қазақстан Республикасының аумағына үш халықаралық пошта жөнелтілімі арқылы әкелінген есірткі заты, каннабис сығындысын контрабандалық жолмен өткізгені анықталды. Тәркіленген есірткі затының жалпы салмағы шамамен 2,9 келіні құрады, бұл аса ірі мөлшерге жатады.

Тергеу әрекеттері барысында күдіктінің уақытша тұрған жеріне жүргізілген тінту кезінде одан әрі өткізуге дайындалған есірткі заттары, электронды таразылар, буып-түю материалдары, SIM-карталар, ақша қаражаты және қылмыстық іс бойынша заттай дәлелдемелер тәркіленді. Аталған дерек бойынша көлік полицейлері сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіп, оның қылмысқа қатысы барын толық дәлелдейтін бұлтартпас айғақтар жинады.

Сот үкімімен қаскүнем аса ірі мөлшердегі есірткі заттарының контрабандасын жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 16 жылға бас бостандығынан айырылды. Айта кетейік, жыл басынан бері көліктегі ПД қызметкерлері есірткіге қатысты 202 құқық бұзушылықты тоқтатты. Оның ішінде 41 өткізу фактісі, аса ірі мөлшерде сақтаудың 6 фактісі және 16 контрабанда фактісі тіркелді. Заңсыз айналымнан барлығы 172 келіден астам есірткі заты тәркіленді.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді