Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Көлік полицейлері есірткі жеткізу арнасын тоқтатты: ұсталғандарға сот үкімі шықты

Көлік полицейлері есірткі жеткізу арнасын тоқтатты: ұсталғандарға сот үкімі шықты
Фото: polisia.kz

Көліктегі полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөліністерінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында жабайы қарасора өсетін аумақтарда есірткі затын жинаған төрт адамнан тұратын топты ұстады, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Тінту жүргізу кезінде заңсыз айналымнан жалпы салмағы 53 келіден астам марихуана тәркіленді. Бұл есірткі заты Жамбыл облысының аумағынан тыс жерлерге тасымалданбақ болған. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу барысында ұсталған адамдардың есірткі құралын кейіннен қара нарықта сату мақсатында жинаумен айналысқаны анықталды. Осылайша көлік полицейлері есірткі жеткізу арнасының жолын кесті.

Шу қалалық сотының шешімімен қылмыстық іс бойынша барлық қатысушы кінәлі деп танылып, 7 жылдан 11 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына кесілді. Көліктегі полиция департаменті заңсыз есірткі айналымы арналарының жолын кесу және оларды анықтау бағытындағы жұмыстарды жалғастыруда.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады