Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

СҚО-да демалыс күндері отбасылық жанжалға қатысты 11 оқиға тіркелді

СҚО-да демалыс күндері отбасылық жанжалға қатысты 11 оқиға тіркелді
Фото: polisia.kz

СҚО-да демалыс күндері отбасылық жанжалға қатысты 11 оқиға тіркелді,  деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. 

Үш күнге созылған мереке кезінде Солтүстік Қазақстан облысында полицейлер қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында күшейтілген режимде қызмет атқарды. Демалыс күндері өңірдегі криминогендік ахуал тұрақты болды. Үш күн ішінде облыс орталығының полициясына жедел ден қоюды талап ететін 531 хабарлама келіп түсті. Оның 11-і отбасылық жанжалдарға қатысты. Мұндай жағдайлардың басым бөлігі алкогольдік ішімдіктерді шамадан тыс тұтынумен байланысты болды. Сонымен қатар түнгі тыныштықты бұзудың үш дерегі тіркелді.

Мереке күндері полицияның барлық бөлімшелерінің қызметкерлері адам көп жиналатын орындарда қауіпсіздікті қамтамасыз етуге жұмылдырылды. Мәдени-көпшілік іс-шаралар ерекше бақылауда болды. Іс-шаралар өтетін орындарға жаяу патрульдер жақындатылып, автопатрульдердің бағыттары да соған сәйкес ұйымдастырылды. Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету – "Заң мен тәртіп" тұжырымдамасын іске асырудың негізгі бағыттарының бірі. Полицейлер азаматтарды қоғамдық тәртіпті сақтауға және құқық бұзушылықтарға жол бермеуге шақырады.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Алматы облысы Республика күнін кең көлемде атап өтті
Қазақстан Президенті Бельгиялықтар Королімен және Патшайымымен бірге Ұлттық музейге барды
Алматыда бір күнде 1,2 мыңнан астам ағаш егілді
Алматының Түрксіб ауданындағы «Жұлдыз» шағынауданында аулалар жаңартылды
Шымкентте Тіленшин көшесіндегі жаңа автокөлік өткелі ашылды