Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

СҚО-да мереке күндері қоғамдық тәртіп полиция бақылауында болды

СҚО-да мереке күндері қоғамдық тәртіп полиция бақылауында болды
Фото: polisia.kz

СҚО-да мереке күндері қоғамдық тәртіп полиция бақылауында болды, - деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. 

Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің жедел басқару орталығының мәліметінше, жаңа жылдың алғашқы күндерінде өңірдегі жедел жағдай тұрақты деңгейде сақталды. Аталған кезеңде мүліктік сипаттағы барлығы үш қылмыс тіркелген: оның екеуі — ұрлық, біреуі - автокөлікті заңсыз айдап әкету дерегі. Қуантатыны - төрт күн ішінде алаяқтық фактілері бойынша полицияға бірде-бір өтініш түспеген. Дегенмен, тәртіп сақшылары азаматтарды қырағылық танытуға шақырып, жеке деректерді, әсіресе SMS арқылы келетін құпия кодтарды бөгде адамдарға хабарламау керектігін тағы бір мәрте ескертеді. Сонымен қатар мереке күндері "102" арнасына 448 хабарлама келіп түскен. Оның 36-сы қоғамдық тәртіптің бұзылуына қатысты болды.

Негізінен бұл хабарламалар пиротехникалық бұйымдарды қолданған жастарға байланысты тіркелген. Бұдан бөлек, тыныштықты бұзудың 32 дерегі анықталды. Атап айтқанда, пәтерлердегі шулы отырыстар мен түнгі уақытта қатты музыка қосып жүрген жүргізушілерге қатысты шағымдар түскен. Ал жаппай демалыс орындарында және қысқы қалашықтарда қоғамдық тәртіпті бұзу деректері тіркелген жоқ.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті