Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

СҚО полицейлері мереке күндері 1150-ден астам телефон хабарламасын қабылдады

СҚО полицейлері мереке күндері 1150-ден астам телефон хабарламасын қабылдады
Фото: polisia.kz

СҚО полицейлері жаңажылдық мерекенің 3 күнінде 1150-ден астам телефон хабарламасын қабылдады, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Солтүстікқазақстандық полицейлер Жаңа жылды тойлаудың үш күніндегі жұмысын қорытындылады. 31 желтоқсанда, 1 және 2 қаңтарда “102” жедел арнасы бойынша 1154 телефон хабарламасы қабылданды. Олардың 369-ы полицияның жедел әрекет етуін талап етті.

Мереке күндерін полиция қызметкерлері барлық шұғыл әрекет ету мамандары сияқты күшейтілген режимде өткізді. Мақсаты – қоғамдық және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қылмыстардың алдын алу және жедел ашу, сондай-ақ ұсақ құқық бұзушылықтарға “нөлдік төзімділік” қағидатын іске асыру.

– Нәтижесінде полицияға келіп түскен мыңнан астам хабарламаның 10-ы ұрлыққа қатысты; 3 алаяқтық; 38 – отбасылық жанжал болды. Сондай-ақ түнгі уақытта тыныштықты бұзудың 26 фактісі тіркелді. Барлық шақырулар бойынша қажетті шаралар қабылданды. Соңғы үш тәулік ішінде солтүстікқазақстандықтар көбінесе полицияға сағат 18-ден түн ортасына дейін және түнгі сағат 1-ден таңғы сағат 4-ге дейін қоңырау шалған, – дейді Петропавл қалалық полиция басқармасы жедел басқару орталығының бастығы Қайырбек Баймөнкенов.

31 желтоқсан мен 2 қаңтар аралығында облыс жолдарында мас күйінде көлік жүргізген 5 жүргізуші ұсталды.

6 және 7 қаңтар демалыс күндері Солтүстік Қазақстан облысының полицейлері облыс орталығында, аудандарда және қала сыртындағы жолдарда және өңірдің автожолдарында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ете отырып, күшейтілген түрде қызмет атқарады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты