Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Астанада полиция жол қозғалысы ережелерін бұзған жүргізушілерді анықтауда

Астанада полиция жол қозғалысы ережелерін бұзған жүргізушілерді анықтауда
Фото: polisia.kz

Астанада "Құқықтық тәртіп" жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында полиция жол қозғалысы ережелерінің бұзылуын анықтауда, - деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

"Құқықтық тәртіп" жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында полиция қызметкерлері жол қозғалысы ережелерінің сақталуына, көлік құралдарының техникалық жай-күйіне және қауіпсіздікке қатер төндіріп, қоғамдық тыныштықты бұзуы мүмкін құқық бұзушылықтардың жолын кесуге ерекше назар аударуда. Мәселен, патрульдеу барысында полицейлер Mercedes маркалы автокөлікті басқарған 26 жастағы жүргізушіні анықтады. Ол тиісті рұқсатсыз көліктің шығару жүйесінің конструкциясына өзгерістер енгізген. Атап айтқанда, автокөлікке шу деңгейін жоғарылатып, қала тұрғындарына қолайсыздық туғызатын резонатор орнатылған. Аталған факті бойынша автокөлік коммуналдық тұраққа қойылып, жүргізуші әкімшілік жауаптылыққа тартылды. Тағы бір құқық бұзушылық Достық және Мәңгілік Ел көшелерінің қиылысында анықталды.

Полиция қызметкерлері елорда тұрғыны, 32 жастағы Нұрсұлтан Дюсекеев басқарған Hyundai Accent автокөлігін тоқтатты. Тексеру барысында автокөліктің артқы әйнегіне бейәдеп сөздер мен дөрекі тіркестер жазылған үлкен жапсырма орналастырылғаны анықталды. Аталған құқық бұзушылық үшін автокөлік коммуналдық тұраққа қойылып, жүргізуші ұсақ бұзақылық жасағаны үшін әкімшілік жауаптылыққа тартылды. Сот шешімімен оған 5 тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алу жазасы тағайындалды. Полиция көлік құралдарының конструкциясына рұқсатсыз өзгерістер енгізуге, сондай-ақ жол қозғалысы қауіпсіздігіне әсер ететін талаптарды бұза отырып автокөлікті пайдалануға жол берілмейтінін еске салады. Әрбір жүргізуші белгіленген талаптарды сақтап, жол қозғалысының өзге қатысушыларына құрметпен қарап, айналасындағыларға қолайсыздық туғызбауы тиіс. Жол қозғалысы ережелерін сақтау — әрбір азаматтың жауапкершілігі. Жолдағы қауіпсіздік пен елорда тұрғындарының тыныштығы осыған байланысты.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Алматы облысы Республика күнін кең көлемде атап өтті
Қазақстан Президенті Бельгиялықтар Королімен және Патшайымымен бірге Ұлттық музейге барды
Алматыда бір күнде 1,2 мыңнан астам ағаш егілді
Алматының Түрксіб ауданындағы «Жұлдыз» шағынауданында аулалар жаңартылды
Шымкентте Тіленшин көшесіндегі жаңа автокөлік өткелі ашылды