Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Жетісу облысында мас жүргізушілер ұсталды

Жетісу облысында мас жүргізушілер ұсталды
Фото: polisia.kz

Жетісу облысында республикалық "Құқықтық тәртіп" жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында полиция қызметкерлері жол қозғалысы ережелерінің сақталуына бақылауды күшейтті. Негізгі назар жол-көлік оқиғаларының алдын алуға және жол қозғалысына қатысушылардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін құқық бұзушылықтардың жолын кесуге бағытталған, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Екі күн ішінде полицейлер 684 әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады. Оның ішінде көлікті алкогольдік масаң күйде басқарудың 7 дерегі тіркелді. Аталған құқық бұзушылықтардың жолын патрульдік полиция қызметкерлері, сондай-ақ Ескелді, Қаратал және Панфилов аудандарының полиция бөлімшелері кесті. Мас күйінде көлік басқару жол қозғалысына қатысушылардың барлығына үлкен қауіп төндіреді. Жүргізушінің зейіні төмендеп, реакциясы баяулауы ауыр жол-көлік оқиғаларына әкелуі мүмкін.

Жетісу облысының полиция қызметкерлері жол қозғалысы ережелерін бұзудың алдын алу және құқық бұзушылықтарды анықтау жұмыстарын жалғастырады. Полиция жүргізушілерді алкогольдік ішімдік ішкеннен кейін көлік басқармауға, белгіленген жылдамдық режимін сақтауға және жолда барынша мұқият болуға шақырады. Жол қауіпсіздігі әр жүргізушінің жауапкершілігінен басталады. Заң мен тәртіп — ортақ қауіпсіздіктің кепілі.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Қазақстан Президенті Бельгиялықтар Королімен және Патшайымымен бірге Ұлттық музейге барды
Алматыда бір күнде 1,2 мыңнан астам ағаш егілді
Алматының Түрксіб ауданындағы «Жұлдыз» шағынауданында аулалар жаңартылды
Шымкентте Тіленшин көшесіндегі жаңа автокөлік өткелі ашылды
Almaty Marathon-да қайта өңдеуге жіберілетін қалдықтар жиналды