Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қазақстан мен Сауд Арабиясы саяси өзара іс-қимылды нығайтуда

Қазақстан мен Сауд Арабиясы саяси өзара іс-қимылды нығайтуда
Фото: ҚР СІМ баспасөз қызметі

Сауд Арабиясына жұмыс сапары аясында Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Арман Исағалиев Корольдіктің Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Уалид Әл-Хурейджимен кездесті, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі ҚР СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Келіссөздер барысында А.Исағалиев Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаевтың Сауд Арабиясының Тақ мұрагері, Премьер-министрі Мұхаммед бен Салман Әл Саудқа жолдауын табыстады. Жолдауда Корольдіктің басшылығы мен халқына тілектестік білдіріліп, Сауд Арабиясы азаматтарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету және азаматтық инфрақұрылымды қорғау жөніндегі күш-жігеріне қолдау көрсетілген.

Сауд тарапы Қазақстанның бұл ізгі ниетін жоғары бағалап, көрсетілген қолдау үшін ризашылығын білдірді, сондай-ақ екі ел арасындағы берік достық пен өзара сенім байланыстарын атап өтті.

Тараптар өңірдегі ахуал жөнінде пікір алмасып, Қазақстан - Сауд Арабиясы қатынастарының өзекті мәселелерін және екі елдің сыртқы саяси ведомстволары арасындағы байланыстарды одан әрі нығайту перспективаларын талқылады.

Кездесу қорытындысы бойынша екі елдің өкілдері Қазақстан - Сауд Арабиясы әріптестігін одан әрі тереңдету мақсатында тұрақты саяси диалогты жалғастырудың және күш-жігерді үйлестірудің маңыздылығын атап өтті.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Алматы облысы Республика күнін кең көлемде атап өтті
Қазақстан Президенті Бельгиялықтар Королімен және Патшайымымен бірге Ұлттық музейге барды
Алматыда бір күнде 1,2 мыңнан астам ағаш егілді
Алматының Түрксіб ауданындағы «Жұлдыз» шағынауданында аулалар жаңартылды
Шымкентте Тіленшин көшесіндегі жаңа автокөлік өткелі ашылды