Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Мемлекет басшысы Сауд Арабиясы Корольдігінің ұлттық мейрамына орай құттықтау жеделхатын жолдады

Мемлекет басшысы Сауд Арабиясы Корольдігінің ұлттық мейрамына орай құттықтау жеделхатын жолдады
Фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев Қос киенің сақшысы, Сауд Арабиясының Королі Салман бен Әбделазиз Әл Сауд пен Сауд Арабиясының Тақ мұрагері, Премьер-министрі Мұхаммед бен Салман Әл Саудты және барша сауд халқын Ұлттық күнімен құттықтады, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Президент жеделхатта Сауд Арабиясын саяси тұрғыдан іргесі берік, экономикасын нығайтуда көптеген жетістікке қол жеткізген мемлекет ретінде атап өтті. Сондай-ақ Таяу Шығыс өңіріндегі Қазақстанның сенімді әрі маңызды серіктестерінің бірі екеніне назар аударды.

Мемлекет басшысы екі ел арасындағы дәстүрлі достық пен бауырластыққа негізделген ынтымақтастық одан әрі нығайып, халықтардың игілігі жолында дами беретініне сенім білдірді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қос киенің сақшысы, Сауд Арабиясының Королі мен Тақ мұрагері, Премьер-министрінің жауапты қызметтеріне табыс, ал сауд халқына құт-береке тіледі.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
«Таза Қазақстан»: Астанада «Рыскелді қажы» мешітінің маңында экологиялық акция өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Президенті Владимир Путин шағын құрамда келіссөз жүргізді