Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

KazAgroFarm 2026 халықаралық көрмесіне 10 мыңнан астам фермер келді

KazAgroFarm 2026 халықаралық көрмесіне 10 мыңнан астам фермер келді
Фото: ҚР АШМ баспасөз қызметі

Астанада ExpoGroup компаниясы, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі және Астана қаласы әкімдігі бірлесіп ұйымдастырған KazAgroFarm-2026 халықаралық агроөнеркәсіптік көрмесі аяқталды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі ҚР АШМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Биыл 21-23 қазан аралығында EXPO халықаралық көрме орталығында өткен ауқымды салалық шараға әлемнің 25 елінен 350-ден астам компания қатысып, ауыл шаруашылығына арналған заманауи технологияларды, жабдықтар мен шешімдерді ұсынды.

Үш күн ішінде көрмеге Қазақстанның түкпір-түкпірінен 10 мыңнан астам фермер, Құрылтай депутаттары, мемлекеттік органдардың, дипломатиялық миссиялардың, халықаралық ұйымдар мен іскерлік орта өкілдері қатысты. KazAgroFarm-2026 жұмысына шетелдік жоғары лауазымды қонақтар да қатысты. Олардың қатарында Ливияның Ауыл шаруашылығы және мал шаруашылығы министрі Абдул Латиф әл-Тахер, Иранның ауыл шаруашылығы вице-министрі Голам Голмохаммади, Чехияның ауыл шаруашылығы вице-министрі Ярослава Шпалкова және Германияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Хайке Ренате Пайч болды. Көрме халықаралық агробизнес өкілдерін, қазақстандық өндірушілер мен фермерлік шаруашылықтарды бір алаңға тоғыстырды.

Экспозиция агроөнеркәсіптік кешеннің екі негізгі бағытын қамтыды. KazAgro бөлімінде өсімдік шаруашылығына арналған технологиялар мен жабдықтар - тұқым, тыңайтқыш және өсімдіктерді қорғау құралдарынан бастап, ауыл шаруашылығы техникасына, өнім жинау, сақтау және өңдеу шешімдеріне дейін ұсынылды. Ал KazFarm бағыты мал шаруашылығына арналды. Мұнда генетика, асыл тұқымды мал өсіру, азықтандыру, ветеринария, сүт және ет өнімдерін өндіру мен өңдеу салаларындағы шешімдер көрсетілді.

Қатысушылар ауыл шаруашылығын цифрландыруға, өндірістік үдерістерді автоматтандыруға және дәлме-дәл егіншілік технологияларына ерекше назар аударды.

Компаниялар заманауи техника үлгілерін, жабдықтар мен өздерінің технологиялық әзірлемелерін таныстырды.

Бағдарламаның басты оқиғаларының бірі - қазақтың Ақбас сиыр тұқымының 75 жылдығына арналған мерейтойлық іс-шара болды. Ол асыл тұқымды мал шаруашылығы мамандарын, фермерлерді, ғалымдар мен сала өкілдерін жинап, отандық етті мал шаруашылығын дамыту және тұқымның генетикалық әлеуетін сақтау мәселелерін талқылауға мүмкіндік берді.

Халықаралық тәжірибе алмасуға да айрықша көңіл бөлінді.

Көрме ғылым мен бизнестің өзара байланысын нығайтуға да жағдай жасады.

Қазақстандық ғылыми ұйымдар, соның ішінде Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығының өкілдері өз әзірлемелері мен жетістіктерін таныстырып, аграрлық саланы дамытуға бағытталған бірқатар стратегиялық келісімге қол қойды.

Қазақстандық фермерлер үшін KazAgroFarm-2026 үш күн ішінде әлемнің жетекші өндірушілерінің шешімдерімен танысуға, мамандардан кеңес алуға, технологиялар мен жабдықтарды салыстыруға, жеткізушілермен тікелей байланыс орнатуға және жаңа іскерлік серіктестер табуға мүмкіндік берді.

KazAgroFarm-2026 халықаралық бизнес, мемлекеттік органдар, ғылыми қауымдастық пен фермерлерді бір алаңға біріктіріп, Орталық Азиядағы ең ірі агроөнеркәсіптік көрме ретіндегі мәртебесін тағы бір мәрте растады. Үш күнге созылған көрме кәсіби диалог орнатуға, тәжірибе алмасуға, жаңа технологияларды таныстыруға және ауыл шаруашылығындағы халықаралық ынтымақтастықты дамытуға жол ашты.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Қазақстан Президенті Бельгиялықтар Королімен және Патшайымымен бірге Ұлттық музейге барды
Алматыда бір күнде 1,2 мыңнан астам ағаш егілді
Алматының Түрксіб ауданындағы «Жұлдыз» шағынауданында аулалар жаңартылды
Шымкентте Тіленшин көшесіндегі жаңа автокөлік өткелі ашылды
Almaty Marathon-да қайта өңдеуге жіберілетін қалдықтар жиналды