Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

KazAgroFarm-2026 көрмесінде 25 елдің шаруалары бас қосады

KazAgroFarm-2026 көрмесінде 25 елдің шаруалары бас қосады
Фото: ҚР АШМ баспасөз қызметі

21–23 қазан күндері Астанадағы EXPO халықаралық көрме орталығында KazAgroFarm-2026 халықаралық көрмесі өтеді. ExpoGroup компаниясы ұйымдастыратын шараға 25-тен астам елден 300-ден астам компания қатысып, ауыл шаруашылығына арналған озық технологиялар мен жаңа әзірлемелерін таныстырады, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі ҚР АШМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

KazAgroFarm-2026 көрмесі дәстүрлі түрде екі негізгі бағытты қамтиды. KazAgro өсімдік шаруашылығына арналған өнімдер мен технологияларды — тұқым дайындау мен егін өсіруден бастап, өнім жинау және сақтауға дейінгі үдерістерді қамтыса, KazFarm мал шаруашылығына басымдық береді. Бұл бағытта генетика, асыл тұқымды мал өсіру, ет пен сүт өндіру және дайын өнім шығару салаларындағы жаңалықтар ұсынылады.

Биылғы көрмеде цифрландыру, автоматтандыру, жасанды интеллект, роботтандыру және дәлме-дәл егіншілік технологияларына да ерекше назар аударылады. Бұл жаңашылдықтар шаруашылықтың тиімділігін арттырып, ауыл шаруашылығын жаңа деңгейге көтеруге жол ашады.

Көрмеге 25-тен астам елдің компаниялары, әлемге танымал брендтердің басшылары мен жетекші мамандары, шетелдік делегациялар, дипломатиялық және сауда миссияларының өкілдері келеді. Мұндай басқосу шаруаларға шетелдік өндірушілермен және сала мамандарымен тікелей тілдесуге, тәжірибе алмасуға, жаңа серіктестер табуға әрі өзара тиімді келісімдер жасауға мүмкіндік береді.

Көрменің іскерлік бағдарламасына мемлекеттік органдардың, бизнес пен салалық ұйымдардың өкілдері, Чехия, Нидерланд, Германия, Иран және Беларусь дипломатиялық миссияларының өкілдері, сондай-ақ халықаралық сарапшылар қатысады.

Бағдарлама аясындағы маңызды шаралардың бірі — қазақтың ақбас сиырының «Ақбас» тұқымына арналған, оның 75 жылдығына орай ұйымдастырылатын күн. Бұдан бөлек, агроөнеркәсіптік кешеннің өзекті мәселелері талқыланатын панельдік отырыстар, семинарлар, конференциялар мен кәсіби кездесулер өтеді. Сондай-ақ шетелдік дипломатиялық миссиялардың қатысуымен бірқатар іс-шара ұйымдастырылады.

KazAgroFarm-2026 — шаруалар үшін жаңа мүмкіндіктер алаңы. Көрмеге келушілер ауыл шаруашылығына қажетті техника мен технологияларды бір жерден көріп, өндірушілерден тікелей кеңес ала алады. Сонымен қатар саланың жаңа бағыттарымен танысып, шаруашылығын дамытуға көмектесетін серіктестер табуға мүмкіндік алады.

Көрме 21–23 қазан күндері Астана қаласындағы EXPO халықаралық көрме орталығында өтеді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Қазақстан Президенті Бельгиялықтар Королімен және Патшайымымен бірге Ұлттық музейге барды
Алматыда бір күнде 1,2 мыңнан астам ағаш егілді
Алматының Түрксіб ауданындағы «Жұлдыз» шағынауданында аулалар жаңартылды
Шымкентте Тіленшин көшесіндегі жаңа автокөлік өткелі ашылды
Almaty Marathon-да қайта өңдеуге жіберілетін қалдықтар жиналды