Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Астанадағы ауыл шаруашылығы жәрмеңкесінде мың тоннаға жуық өнім ұсынылады

Астанадағы ауыл шаруашылығы жәрмеңкесінде мың тоннаға жуық өнім ұсынылады
Фото: Астана қ. әкімдігі

Астанадағы «Қазанат» ипподромының аумағында Республика күніне орай 24-25 қазанда кезекті ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді. Онда Қарағанды және Қостанай облыстарының тауар өндірушілері өз өнімдерін ұсынады, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Жәрмеңке аясында екі өңір мың тоннаға жуық ауыл шаруашылығы және азық-түлік өнімін әкеледі.

Қарағанды облысынан елордаға 583 тоннадан астам өнім жеткізіледі. Оның ішінде:
• картоп – 310 тонна;
• еттің барлық түрі – 134,7 тонна;
• көкөніс – 80 тонна;
• сүт өнімдері – 15 тонна;
• балық – 7,5 тонна;
• тауық жұмыртқасы – 310 мың дана;
• бакалея өнімдері – 36 тонна.

Қостанай облысы 400 тоннадан астам ауыл шаруашылығы және азық-түлік өнімінің 100-ден астам түрін ұсынады. Атап айтқанда:
• еттің әр түрі – 49 тонна;
• сүт өнімдері – 31 тонна;
• шұжық өнімдері мен еттен жасалған жартылай фабрикаттар – 23 тонна;
• жарма және макарон өнімдері – 30 тонна;
• картоп пен көкөніс – 90 тонна;
• ұн – 40 тонна;
• нан-тоқаш және кондитерлік өнімдер, сусындар, бал және басқа да тауарлар.

Жәрмеңкеге екі өңірден 140-тан астам ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші мен кәсіпорын қатысады.
Жәрмеңкенің мақсаты – елорда тұрғындарына сапалы ауыл шаруашылығы және азық-түлік өнімдерін арзан бағада ұсыну, отандық өндірушілерді қолдау және өнімді делдалсыз, тікелей өндірушіден тұтынушыға жеткізуді дамыту.

Жәрмеңке 24-25 қазан күндері сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін Қарқаралы тасжолы, 1 мекенжайында өтеді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Қазақстан Президенті Бельгиялықтар Королімен және Патшайымымен бірге Ұлттық музейге барды
Алматыда бір күнде 1,2 мыңнан астам ағаш егілді
Алматының Түрксіб ауданындағы «Жұлдыз» шағынауданында аулалар жаңартылды
Шымкентте Тіленшин көшесіндегі жаңа автокөлік өткелі ашылды
Almaty Marathon-да қайта өңдеуге жіберілетін қалдықтар жиналды