Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Астанада өтетін жәрмеңке: Қарағанды мен Шығыс Қазақстан облыстарының шаруалары 700 тоннадан астам өнім ұсынады

Астанада өтетін жәрмеңке: Қарағанды мен Шығыс Қазақстан облыстарының шаруалары 700 тоннадан астам өнім ұсынады
Фото: Астана қ.әкімдігі

Астанада 11-12 қазан күндері Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстарының тауар өндірушілерінің қатысуымен кезекті өңірлік ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Жәрмеңкеде аталған өңірлердің аграрийлері ет, балық, сүт, бакалея және көкөніс, жеміс өнімдерінің кең таңдауын ұсынады.Барлық өнім фермерлерден тікелей жеткізіледі, бұл – азық-түлік қолжетімділігін арттырып, отандық өндірушілерді қолдауға мүмкіндік береді.Екі облыстың ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері Астанаға жалпы көлемі 700 тоннадан астам өнім әкеледі. Оның ішінде 390 тонна көкөніс, 170 тонна ет пен ет өнімдері, 160 мың дана жұмыртқа, 70 тонна бал, 30 тонна сүт өнімдері, 16 тонна өсімдік майы, 14 тонна балық, шамамен 10 тонна өзге де азық-түлік өнімдері бар.

Елорда тұрғындары мен қонақтары өңірлердің шығармашылық ұжымдарының қатысуымен өтетін концерттік бағдарламаны да тамашалай алады. Жәрмеңке 9:00-ден 18:00-ге дейін жұмыс істейді.Айта кетейік, биылғы жәрмеңкелер «Қазанат» ипподромының автотұрағы аумағында, Қарқаралы тасжолы, 1 мекенжайында өткізіліп келеді. Сондай-ақ қала тұрғындарының және қонақтарының ыңғайлылығы үшін жәрмеңке өтетін орынға №18, 37 және 303 бағыттағы автобустар қатынайды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті