Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қазақстан Орталық Азия елдерінің арасында жаңа туған нәрестелер өлімінің ең төмен көрсеткішіне қол жеткізді

Қазақстан Орталық Азия елдерінің арасында жаңа туған нәрестелер өлімінің ең төмен көрсеткішіне қол жеткізді
Фото: pixabay.com

Қазақстан Орталық Азия елдерінің арасында жаңа туған нәрестелер өлімінің ең төмен көрсеткішіне қол жеткізді. Қазіргі таңда бұл көрсеткіш тірі туған әрбір 1 000 нәрестеге шаққанда 3 жағдайды құрайды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.

Сондай-ақ еліміз БҰҰ-ның балалар өлімін азайтуға қатысты Тұрақты даму мақсаттарын мерзімінен бұрын орындады. Медициналық көмектің қолжетімділігін одан әрі арттыру үшін 16 жаңа балалар ауруханасы мен перинаталдық орталық салу жоспарланып отыр.

Жаңа туған нәрестелер өлімінің төмендеуі перинаталдық көмекті жүйелі түрде дамыту, заманауи технологияларды енгізу және ана мен балаға медициналық көмек көрсету жүйесін жетілдіру нәтижесінде мүмкін болды.

Бүгінде дене салмағы өте төмен болып туған нәрестелердің өмір сүру көрсеткіші 57%-ды құрайды. Алдағы уақытта бұл көрсеткішті арттыру, мамандандырылған көмекті дамыту және медициналық ұйымдардың материалдық-техникалық базасын нығайту бағытындағы жұмыстар жалғасады, - делінген баспасөз хабарламасында.

Туа біткен ауруларды ерте анықтауға және жүктілік кезінде медициналық бақылауды қамтамасыз етуге ерекше назар аударылып отыр.

«Аналар саулығы» бағдарламасы шеңберінде ұрықтың саулығын сақтау орталықтарының 22-сінде бір күндік клиникалар ашылып, диагностика мен құрсақішілік емдеудің заманауи әдістері енгізілді.

Нәтижесінде туа біткен даму кемістіктерін анықтау көрсеткіші 12%-ға артып, осы себептерге байланысты нәресте өлімі 15%-ға төмендеді.

Алдағы уақытта ана мен бала денсаулығын сақтау қызметін дамыту медициналық көмектің сапасын арттыруға, қауіп-қатерлерді ерте анықтауға және Қазақстанның барлық өңірінде заманауи диагностика мен емдеу әдістерінің қолжетімділігін қамтамасыз етуге бағытталады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Қазақстан Президенті Бельгиялықтар Королімен және Патшайымымен бірге Ұлттық музейге барды
Алматыда бір күнде 1,2 мыңнан астам ағаш егілді
Алматының Түрксіб ауданындағы «Жұлдыз» шағынауданында аулалар жаңартылды
Шымкентте Тіленшин көшесіндегі жаңа автокөлік өткелі ашылды
Almaty Marathon-да қайта өңдеуге жіберілетін қалдықтар жиналды