Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматыда жаңа туған нәрестелерді күтіп-баптау бөлімшесі ашылды

Алматыда жаңа туған нәрестелерді күтіп-баптау бөлімшесі ашылды
Фото: Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Алматыдағы Балаларға шұғыл медициналық көмек көрсету орталығының базасында жаңа туған нәрестелерді жансақтау жағдайында күтіп-баптауға арналған мамандандырылған бөлімше ашылды. Бұл туралы орталық директоры Әлібек Смағұлов 2025 жылдың жұмыс қорытындысы таныстырылымында мәлімдеді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  

Іс-шараға қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Марат Пашимов қатысты. Оның айтуынша, 2025 жылы қыркүйектен бастап жұмыс істеп келе жатқан бөлімше 16 орынға арналған. Мұнда шұғыл түрде түскен нәрестелерге көмек көрсетіледі, сондай-ақ жансақтаудан кейінгі балаларға қарқынды терапия және ерте оңалту қызметтері қарастырылған. Үш айдың ішінде 103 жаңа туған нәрестеге медициналық көмек көрсетілді.

Бір жылда орталықта 235 нәресте емделіп, олардың 52-сіне туа біткен даму ақауына байланысты шұғыл ота жасалды. Пациенттер санының өсуі бөлімшенің мүмкіндіктерін кеңейтуге және жаңа орындарды ашуға негіз болды.

2025 жылдан бастап орталықта 0-ден 18 жасқа дейінгі балаларға арналған 12 орындық оториноларингология және жақ-бет хирургиясы бөлімшесі тәулік бойы қызмет көрсетеді. Алғашқы бес айда 83 балаға шұғыл және жоспарлы көмек көрсетілді. Жаңа бөлімшелердің ашылуы көрсетілетін медициналық көмектің аясын кеңейтуге мүмкіндік берді.

Өткен жылы 140,6 мыңнан астам бала медициналық көмек алды, бұл 2024 жылмен салыстырғанда 22,5%-ға көп. Жоспарлы тәртіпте Қазақстанның түрлі өңірлерінен келген 1 500-ден астам науқасқа мамандандырылған хирургиялық және консервативті көмек көрсетілді.

2025 жылы орталықта дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды есепке алуды қамтамасыз ететін госпитальдық фармация бөлімшесі де ашылып, халықаралық GPP стандартына сай сертификат алды.

Жыл қорытындысы бойынша орталық ең жоғары аккредитациялық санат иеленіп, Қазақстанда «Жылдың үздік балалар стационары» деп танылды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті