Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қазақстан мен Чехия көлік саласындағы ынтымақтастықты дамытуға келісті

Қазақстан мен Чехия көлік саласындағы ынтымақтастықты дамытуға келісті
Фото: ҚР Көлік министрлігі

NEW SILK WAY халықаралық көлік-логистикалық бизнес-форумы аясында Қазақстан Республикасы Көлік министрі Нұрлан Сауранбаев Чехия Республикасының Көлік министрі Иван Беднарикпен екіжақты кездесу өткізді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі ҚР Көлік министрлігіне сілтеме жасап.

Тараптар көлік саласындағы ынтымақтастықты кеңейту перспективаларын, соның ішінде азаматтық авиация және теміржол көлігі салаларындағы өзара іс-қимыл мәселелерін талқылады.

Кездесу қорытындысы бойынша министрлер Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі мен Чехия Республикасы Көлік министрлігі арасындағы өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды. Құжат теміржол көлігі, өнеркәсіп және технологиялық даму салаларындағы стратегиялық ынтымақтастықты дамытуға бағытталған.

Меморандумға қол қою Қазақстан мен Чехия арасындағы екіжақты байланыстарды одан әрі нығайтуға және көлік саласындағы өзара тиімді ынтымақтастықты кеңейтуге негіз болады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Қазақстан Президенті Бельгиялықтар Королімен және Патшайымымен бірге Ұлттық музейге барды
Алматыда бір күнде 1,2 мыңнан астам ағаш егілді
Алматының Түрксіб ауданындағы «Жұлдыз» шағынауданында аулалар жаңартылды
Шымкентте Тіленшин көшесіндегі жаңа автокөлік өткелі ашылды
Almaty Marathon-да қайта өңдеуге жіберілетін қалдықтар жиналды