Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қазақстан мен Пәкістан арасындағы үкіметаралық комиссияның 13 отырысы өтті

Қазақстан мен Пәкістан арасындағы үкіметаралық комиссияның 13 отырысы өтті
Фото: ҚР Көлік министрлігі

Исламабадта Қазақстан Республикасының Көлік министрі Марат Қарабаев пен Пәкістан Ислам Республикасының Ұлттық экономика министрі Ахад Хан Чиманың бірлескен төрағалығымен Қазақстан мен Пәкістан арасындағы үкіметаралық комиссияның 13-ші отырысы өтті, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі ҚР Көлік министрлігіне сілтеме жасап.

Кездесу барысында сауда, ақпарат, спорт, білім, кәсіпкерлік және стандарттау салалары бойынша 10 екіжақты үкіметаралық құжаттарға қол қойылды.Қазақстан көлік ведомствосының басшысы Пәкістанның коммуникация министрі Абдул Алим Ханмен және Теміржол, теңіз көлігі, авиация министрімен кездесу өткізді.

Тараптар теміржол, теңіз және автомобиль қатынастарын дамытуға, кедендік рәсімдерді жеңілдетуге және Қазақстан мен Пәкістан арасындағы тұрақты әуе рейстерін қайта жандандыру мәселесін талқылай отырып, ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға ниет білдірді.National Logistics Corporation (NLC) басшылығымен мультимодальды маршруттарды кеңейту, минералды тыңайтқыштарды тасымалдау жөніндегі жобаларға қатысу, Алматыда NLC кеңсесін ашу, сондай-ақ Қазақстан-Пәкістан көлік-логистикалық консорциумын құру жоспарлары талқыланды.Кездесу қорытындысы арнайы хаттамаға қол қойылды. Бұл құжат Қазақстан мен Пәкістан арасындағы серіктестік аясында оң нәтижелерге қол жеткізуге бағытталған.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты