Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы арасындағы әуе қатынасы кеңейуде

Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы арасындағы әуе қатынасы кеңейуде
Фото: ҚР Көлік министрлігі

Қытай Халық Республикасының Бейжің қаласында Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Азаматтық авиация комитеті мен Қытайдың Азаматтық авиация басқармасы (CAAC) арасында азаматтық авиация саласындағы ынтымақтастықты кеңейту мәселелері бойынша келіссөздер өтті, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі ҚР Көлік министрілігіне сілтеме жасап.

Келіссөздер барысында тараптар екі тараптың әуе тасымалдаушылары үшін тұрақты жолаушылар рейстерінің санын аптасына 124-тен 152-ге дейін арттыруға келісті, сондай-ақ Қазақстанмен рейстерді орындау үшін Қытайдағы ірі пункттердің тізбесі Қытайдың ірі көлік-логистикалық және өнеркәсіптік орталықтарының бірі – Чунцин қаласын қоса алғанда, 11 қалаға жеткізілді.

Бұдан бөлек, тараптар Астана мен Шанхай қалалары арасында, оның ішінде қытайлық әуе компаниялары орындайтын тікелей әуе қатынасын ашу, сондай-ақ Қазақстан мен Қытай арасында үшінші халықаралық әуе дәлізін құру мәселелерін талқылады. Бұл әуе кеңістігінің өткізу қабілетін арттыруға, ұшу бағыттарын оңтайландыруға, қолданыстағы әуе трассаларына түсетін жүктемені азайтуға және екі мемлекет арасындағы әуе қатынасының одан әрі дамуына қосымша мүмкіндік жасауға ықпал етеді.

Кездесу барысында қазақстандық әуе тасымалдаушыларға рейстерді орындау үшін Қытай әуежайларында слоттар бөлу, Қытайдың әуе кеңістігін пайдалану, сондай-ақ азаматтық әуе кемелерін авиациялық іздестіру және құтқару саласындағы ведомствоаралық ынтымақтастық туралы келісім жасасу мәселелері де қаралды.

Тараптар азаматтық авиация саласындағы ынтымақтастықты одан әрі дамытуға өзара мүдделілігін растады және әуе қатынасын кеңейтуге, көлік байланысын нығайтуға әрі Қазақстан мен Қытай арасындағы стратегиялық әріптестікті одан әрі дамытуға бағытталған бірлескен жұмысты жалғастыруға келісті.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді