Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Ерсайын Нағаспаев Kazakhstan Machinery Fair 2026 халықаралық көрмесін ашты

Ерсайын Нағаспаев Kazakhstan Machinery Fair 2026 халықаралық көрмесін ашты
Фото: ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі

Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев Астанадағы "EXPO" халықаралық көрме орталығының алаңында ұйымдастырылған VII халықаралық мамандандырылған Kazakhstan Machinery Fair 2026 көрмесінің ашылу рәсіміне қатысты, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігіне сілтеме жасап.

Өз сөзінде министр саланың бәсекеге қабілеттілігін арттыру және шетелдік серіктестермен кооперацияны кеңейту басым бағыттардың бірі болып қала беретінін атап өтті.

«Kazakhstan Machinery Fair көрмесі іскерлік байланыстарды нығайтуға, бірлескен жобаларды жүзеге асыруға және отандық өнімді ішкі әрі сыртқы нарықтарға ілгерілетуге тиімді алаң болады деп сенемін», – деді Ерсайын Нағаспаев.

Министр сондай-ақ машина жасау саласын дамыту мақсатында өндірісті локализациялауды тереңдету, заманауи технологияларды және автоматтандыруды енгізу бағытында жүйелі жұмыстар жүргізіліп жатқанын жеткізді.

Ерсайын Нағаспаев машина жасау саласының өңдеуші өнеркәсіптің негізгі бағыттарының бірі ретінде тұрақты өсім көрсетіп отырғанын атап өтті. Оның айтуынша, бүгінде бұл секторда 4 мыңнан астам кәсіпорын жұмыс істейді, оларда шамамен 130 мың адам еңбек етеді. 2025 жылдың қорытындысы бойынша машина жасау саласындағы өнім өндіру көлемі 18%-ға өсіп, шамамен 6 трлн теңгеге жетті.

Kazakhstan Machinery Fair 2026 көрмесі – машина жасау және металл өңдеу секторындағы заманауи технологияларды, жабдықтарды көрсетуге және кооперацияны дамытуға арналған негізгі салалық алаң. Көрмеде әлемнің 19 елінен келген 250-ден астам компания өз өнімдерін ұсынуда.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады