Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

ІІМ: Қазан айының алғашқы аптасында 366 мыңнан астам жол жүрісі қағидасын бұзу дерегі анықталды

ІІМ: Қазан айының алғашқы аптасында 366 мыңнан астам жол жүрісі қағидасын бұзу дерегі анықталды
Фото: polisia.kz

ІІМ-де 2026 жылдың тоғыз айындағы жедел-қызметтік жұмыстың қорытындысы шығарылды. Профилактикалық және жедел шаралар кешенінің нәтижесінде елде тіркелген қылмыстар саны 15%-ға төмендеді. Сонымен қатар қылмыстың барлық санаттары бойынша ашылу көрсеткіші артып келеді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету қашанда өзекті. Биыл тоғыз айда жол-көлік оқиғаларының саны 5%-ға, жарақат алғандар саны 7%-ға, ал қаза тапқандар саны 16%-ға төмендеді. Елімізде тоғыз айда 11,9 млн-нан астам жол жүрісі қағидасын бұзу дерегі анықталып, жолы кесілді. Ал қазан айының алғашқы аптасында полицейлер 366 888 өрескел құқық бұзушылықты анықтады. Қарағандыда жеңіл автокөлік жүргізушісі қарсы қозғалыс жолағына шығып кеткен. Полицейлер құқық бұзушылыққа дер кезінде ден қойды. Құжаттарды тексеру кезінде жүргізушіден алкогольдік масаңдық белгілері анықталды. Медициналық куәландыру да оның мас күйде болғанын растады. Ер адам заң аясында жауапқа тартылды.

Еске сала кетейік, көлікті мас күйде басқарғаны үшін жүргізуші куәлігінен айыру жазасы қарастырылған. Петропавлда жол қозғалысы ережесін бұзу дерегі дронның көмегімен анықталды. КамАЗ жүк көлігінің жүргізушісі қауіпсіздік белдігін тақпай қозғалған. Оған қатысты әкімшілік хаттама толтырылды. Павлодарда полицейлер тағы бір өрескел құқық бұзушыны анықтады. Оның қатысуымен түсірілген бейнежазба әлеуметтік желілерде жарияланған. Көлік жүргізушісі қозғалыс кезінде ұялы телефон пайдаланған, бұрылу кезінде белгілерді қоспай, қауіпті маневрлер жасаған. Одан бөлек автокөлікте техникалық ақаулар болған. Ер адам жауапкершілікке тартылды. Қоршаған ортаның тазалығы да Ішкі істер министрлігінің ерекше бақылауында.

"Таза Қазақстан" аясында полиция заңсыз қоқыс үйінділерімен және қоғамдық орындардың ластануымен күрес жүргізіп келеді. Еліміз бойынша 1 186 мобильді топ жұмыс істейді. Олар 42 мыңнан астам рейд өткізді. Сонымен қатар полицейлер азаматтар арасында 32 мыңнан астам түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Тоғыз айда 1 628 қоқыс орны анықталып, 321 мыңнан астам әкімшілік құқық бұзушылық тіркелді. Оның ішінде шамамен 25 мыңы қоғамдық орындарды ластауға, ал 297 мыңға жуығы абаттандыру қағидаларын бұзуға қатысты. Тиісті шаралар қабылдау үшін уәкілетті органдарға 357 материал жолданды. Жергілікті атқарушы органдарға заң бұзушылықтарды жою жөнінде мыңнан астам ұсыну енгізілді. Нәтижесінде 1 318 қоқыс орны жойылды. Полиция қоғамдық қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуді жалғастырады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Қазақстан Президенті Бельгиялықтар Королімен және Патшайымымен бірге Ұлттық музейге барды
Алматыда бір күнде 1,2 мыңнан астам ағаш егілді
Алматының Түрксіб ауданындағы «Жұлдыз» шағынауданында аулалар жаңартылды
Шымкентте Тіленшин көшесіндегі жаңа автокөлік өткелі ашылды
Almaty Marathon-да қайта өңдеуге жіберілетін қалдықтар жиналды