Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қостанай облысында полиция 35 мыңнан астам жол қозғалысы ережесін бұзу дерегін анықтады

Қостанай облысында полиция 35 мыңнан астам жол қозғалысы ережесін бұзу дерегін анықтады
Фото: polisia.kz

Қостанай облысында полиция 35 мыңнан астам жол қозғалысы ережесін бұзу дерегін анықтады, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Жол қауіпсіздігі деңгейін арттыру міндеті ішкі істер органдарының қызметіндегі басым бағыттардың бірі.

Бүгінгі таңда облыс жолдарында 256 мыңнан астам автокөлік (256448) пайдаланылуда, салыстырмалы түрде 2023 жылы облыс автопаркінің саны 232 мың (232616) болды. Жолдарда тәртіпті сақтау мақсатында жыл басынан бері полиция 35 мыңнан астам жол қозғалысы ережелерін бұзудың жолын кесті.

308 мас жүргізуші ұсталды. Құқық белгілейтін құжаттары жоқ немесе басқару құқығы жоқ 2088 жүргізуші анықталды. Қарсы жолаққа шығудың 40 дерегі, жаяу жүргіншілер өткелдерінің жүру ережелерін бұзудың 386 фактісі және жаяу жүргіншілер жасаған жол қозғалысы ережелерін бұзудың 3 мың 200 дерегі анықталды.

Көлік құралдарын тоқтату және тұраққа қою ережелерін 780-нен астам бұзушылық және маневр жасау ережелерін бұзған 1150-ге жуық жүргізуші анықталды. Рейдтер барысында 41 заңсыз тасымалдаушы анықталды.

Жыл басынан бері апаттылықты азайту үшін полицейлер 3 жедел алдын алу шарасын (“Қауіпсіз жол”, “Автобус”, “Тасымалдаушы”), 1 акция (“Сіздің жолаушыңыз-бала”) және заңсыз тасымалдаушылар бойынша 5 рейд өткізді.

Апаттылықты талдау көрсеткендей, жалпы алғанда, қабылданған профилактикалық шаралар кешенінің арқасында осы жылдың басынан бастап жол-көлік оқиғасы 25,9%-ға, 89-дан 66-ға дейін төмендеді.

Сондай-ақ, қаза тапқандар саны (20-дан 12-ге дейін) және ЖКО-да жараланғандардың саны (123-тен 90-ға дейін) 40%-ға азайды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты