Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қазақстанда 846,5 мың тонна ет өндірілді

Қазақстанда 846,5 мың тонна ет өндірілді
Фото: ҚР АШМ баспасөз қызметі

Мал шаруашылығы еліміздің агроөнеркәсіптік кешеніндегі негізгі салалардың бірі болып қала береді. 2026 жылдың алғашқы тоғыз айының қорытындысы бойынша Қазақстанда мал шаруашылығы өнімдерінің жалпы көлемі 3 трлн 226 млрд теңгеден асты. Ал нақты көлем индексі 103,5%-ды құрады, деп хабарлайды kazlenta.kz тілішсі ҚР АШМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Есепті кезеңде елімізде барлық ет түрлерін өндіру көлемі 846,5 мың тоннаға жетті. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3,7%-ға жоғары.

Сиыр еті өндірісі 301,6 мың тоннаны құрады. Өткен жылдың осы кезеңінде бұл көрсеткіш 282,3 мың тонна болған. Қой еті өндірісі 88,6 мың тоннадан 91,2 мың тоннаға, жылқы еті 115,3 мың тоннадан 119,9 мың тоннаға дейін өсті. Құс еті өндірісі де қарқынды дамып, былтыр 276,1 мың тонна болса, қазір 277 мың тоннаға жетті.

Ағымдағы жылдың тоғыз айында елімізде 3,04 млн тонна сүт өндірілді. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,1%-ға көп. Ал жұмыртқа өндірісі 7,4%-ға өсіп, 3 659,8 млн данаға жетті.

Ауыл шаруашылығы жануарларының саны да артып келеді. Есепті кезеңде ірі қара мал саны 8 778,4 мың басқа (103,4%), қой мен ешкі саны 22 609,5 мың басқа (102,3%), жылқы саны 4 787 мың басқа (107,3%), түйе саны 311,5 мың басқа (104%) жетті. Құс саны 49,2 млн басты құрап, 100,4%-ды көрсетті.

Ауыл шаруашылығы министрлігі саланың өндірістік әлеуетін арттыру, ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының тиімділігін күшейту және елді азық-түлікпен қамтамасыз етуді нығайту бағытында жұмыстарды жалғастыруда.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Қазақстан Президенті Бельгиялықтар Королімен және Патшайымымен бірге Ұлттық музейге барды
Алматыда бір күнде 1,2 мыңнан астам ағаш егілді
Алматының Түрксіб ауданындағы «Жұлдыз» шағынауданында аулалар жаңартылды
Шымкентте Тіленшин көшесіндегі жаңа автокөлік өткелі ашылды
Almaty Marathon-да қайта өңдеуге жіберілетін қалдықтар жиналды