Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

2025 жылдың бес айының қорытындысы бойынша Қазақстанда тамақ өнімдері өндірісі артты

2025 жылдың бес айының қорытындысы бойынша Қазақстанда тамақ өнімдері өндірісі артты
Фото: pixabay.com

2025 жылғы қаңтар–мамыр айларындағы деректерге сәйкес, Қазақстанда негізгі азық-түлік түрлерін өндіруде оң динамика байқалды. Бұл өңдеу өнеркәсібінің дамуын және еліміздің азық-түлік қауіпсіздігінің нығайып келе жатқанын көрсетеді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі ҚР АШМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сиыр еті өндірісі 133,6 мың тоннаны құрап, 2024 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 0,4%-ға артты. Құс еті өндірісі 6,1%-ға өсіп, 157,7 мың тоннаға жетті.

Сүт өңдеу саласында да өсім байқалады: сүт өндірісі 3,9%-ға артып, 273,5 мың тоннаны, айран – 5,4%-ға өсіп, 37,1 мың тоннаны, сары май – 12,7%-ға көбейіп, 15 мың тоннаны құрады. Тауық жұмыртқасы 1,79 млрд дана көлемінде өндірілді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 0,3%-ға көп.

Дәнді және майлы дақылдар өнімдері сегментінде айтарлықтай өсім тіркелді. Бидай ұны өндірісі 6,5%-ға артып, 1438,3 мың тоннаны, қарақұмық жармасы – 19,4%-ға (10,7 мың тонна), макарон өнімдері – 7,8%-ға (63,7 мың тонна) жетті.

Күнбағыс майы өндірісі 21,7%-ға өсіп, 334,5 мың тоннаны, күріш өндірісі 21%-ға артып, 84,5 мың тоннаны құрады.

Қант өндірісі 10 есеге артып, өткен жылғы 6,1 мың тоннадан 64 мың тоннаға дейін өсті. Тұз өндірісі 6,1%-ға өсіп, 169,3 мың тоннаны құрады.

Бұл көрсеткіштер елдегі азық-түлік қауіпсіздігін нығайтып, экспорттық әлеуетті кеңейтуге және ішкі агроөнеркәсіптік өндірісті дамытуға ықпал етуде.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады