Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Батыс Қазақстан облысындағы Ақсай қаласында "Спорт-біздің серігіміз!" атты турнир өткізілді

Батыс Қазақстан облысындағы Ақсай қаласында 2021 жылдың 08-10 қазан күндері Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына және Ақсай қаласы күні мерекесіне орай "Спорт-біздің серігіміз!" атты ашық аудандық турнир ұйымдастырылды, деп хабарлайды kazlenta.kz. 

"Қарашығанақ" және "Бөрлі" дене шынықтыру сауықтыру-кешенінде өткізілген жарыс Бөрлі ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімінің қолдауымен атқарылды.  Жарыстың салтанатты ашылу рәсімінде Бөрлі ауданы, Бөрлі ауылдық округінің әкімі Әзілхан Уалиханұлы Зарифов және Бөрлі ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Армат Амангелдіұлы Исанов құттықтау сөз сөйлеп, қатысушы жасөспірім спортшыларға сәттілік тіледі.


Жарыс бағдарламасы бойынша футбол, стритбол және волейбол спорт түрлері бойынша барлығы 290 жасөспірім ұлдар мен қыздар қатысып, өзара  бақтарын сынады.

Тартысты жарысқа Орал қаласының 1 және 2 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі, Ақжайық ауданы, Сырым ауданы, Қаратөбе ауданы, Теректі ауданы, Тасқала ауданы, Казталов ауданы, Шыңғырлау ауданы, Ақсай қаласы, Бөрлі ауданының 1 және 2 балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерінің спортшылары,  Шыңғырлау ауданы, Шыңғырлау жалпы орта білім беретін мектебі, Теректі ауданы Аңқаты ауылы, Бөрлі №1 және Бөрлі жалпы орта білім беретін мектебі, Ақсай қаласының №3 және №4 жалпы орта білім беретін мектебінің спортшылары қатысты.


Жарыс нәтижесі бойынша стритболдан 2008-2009 ж.т жасөспірім ұлдар арасында жалпы командалық есепте жүлделі 1 орынды Бөрлі ауданы балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі иеленсе, 2 орынды Шыңғырлау ауданы балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі қанжығасына байлады. Ал Ақсай қаласы №4 жалпы орта білім беретін мектебі жүлделі 3 орынға ие болды. 2008-2009 ж.т жасөспірім қыздар арасында қорытынды нәтижелері бойынша жалпы командалық есепте 1 орынға Бөрлі ауданы балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі ие болса, 2 орынға Шыңғырлау ауданы балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі жайғасты. Ал Ақсай қаласы №3 жалпы орта білім беретін мектебі жүлделі 3 орынды иеленді.


Келесі кезекте футболдан 2008-2009 ж.т жасөспірім ұлдар арасында қорытынды нәтижелері бойынша жалпы командалық есепте 1 орынды Бөрлі ауданы балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі иеленіп, жеңімпаз атанды. Жүлделі 2 орын Сырым ауданы балалар мен жасөспірімдер спорт мектебіне, ал 3 орын Ақсай қаласы балалар мен жасөспірімдер спорт мектебіне бұйырды.


Ал волейболдан 2009-2010 ж.т жасөспірім ұлдар арасында қорытынды нәтижелері бойынша жалпы командалық есепте 1орын Казталов ауданы балалар мен жасөспірімдер спорт мектебіне, 2 орын Бөрлі ауданының 1 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебіне, 3 орын Ақжайық ауданы балалар мен жасөспірімдер спорт мектебіне бұйырды. Ал 2007-2008 ж.т жасөспірім ұлдар арасында қорытынды нәтижелері бойынша жалпы командалық есепте 1 орынға  Орал қаласы балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі, 2 орынға Ақсай қаласы балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі, 3 орынға Ақжайық ауданы балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі жайғасты.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер Бөрлі ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімінің тиісті дәрежелі дипломдарымен, кубоктарымен, медальдарымен және бағалы сыйлықтарымен марапатталды.скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Димаш Құдайберген жаңа бейнебаяны шыққанын сүйіншіледі
Димаш Құдайберген аты аңызға айналған опера әншісімен бірге ән айтты
Әлем жұлдыздары Астанада өткен Қысқы қайырымдылық балын қолдады
Димаш Құдайберген Сербияда беделді «Ағайынды Карич қоры» сыйлығын алды
Мультимедиа
Мемлекет басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бірлік. Жасампаздық. Өрлеу» атты ХХХІІІ сессиясын өткізді
Олжас Бектенов Nazarbayev University ғылыми әзірлемелерімен танысты
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Әзербайжанның Жоғары мемлекетаралық кеңесінің бірінші отырысына қатысты
Қасым-Жомарт Тоқаев «Болашақтың ойындары» халықаралық турнирінің ашылу рәсіміне қатысты
Қасым-Жомарт Тоқаев Президенттік жастар кадр резервінің форумына қатысты