Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Батыс Қазақстан облысындағы Ақсай қаласында каратэден Жасталап Санауовты еске алуға арналған «Қарашығанақ Кубогы» Х халықаралық турнирі өткізілді

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына және Ақсай қаласы күні мерекесіне орай 24-26 қыркүйек күндері аралығында Ақсай қаласының «Қарашығанақ» спорт кешенінде  Жасталап Санауовты еске алуға арналған каратэ турниры оздырылды.  «Қарашығанақ Кубогы» Х халықаралық турнирі осымен оныншы мәрте ұйымдастырылып отыр. Турнир каратэ спортының дамуына өзіндік үлесін қосқан, ХДСШ, Қазақстан Республикасына еңбек сіңірген жаттықтырушы, халықаралық дәрежедегі төреші, қара белбеудің 8 дүркін иегері Жасталап Санауовты еске алуға арналды, деп хабарлайды kazlenta.kz.

Аталмыш турнирге Ақмола облысы, Түркістан облысы, Маңғыстау облысы, Жамбыл облысы, Алматы қаласы, Қапшағай қаласы, Қызылорда қаласы,  Орал қаласы, Ақсай қаласының командалары қатысты.


25 қыркүйек күні жарыстың салтанатты ашылу рәсімі өтті. Ашылу салтанатына Бөрлі ауданы Ақсай қаласының әкімі Баяндыков Арсен Толқынұлы, «АксайГазСервис» АҚ президенті Мухамедьяров Арман Муратович, ҚР шито-рю каратэ-до федерациясының вице-президенті және мемлекеттік жаттықтырушы Досболов Набибулла Абуұлы, Жасталап Санауовтың жолдасы әрі Жасталап Санауов атындағы каратені дамыту қорының негізін қалаушы Хайрулла Гульайым Махатқызы, Бөрлі ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Исанов Армат Амангелдіұлы, «Батысмұнайстрой» Сервистік Компания ЖШС президенті Сарсенбаев Алибек Ануарбекұлы, «МонтажСтрой» АҚ жетекші инженері Прокопович Владимир Иванович, Бөрлі аудандық Қоғамдық кеңес мүшесі Утегенов Қайрат Уалиұлы, «Ақсайавтотранс» АҚ президенті Хасанов Идятулла Фазылұлы, «Экология» ЖШС директоры Закарян Арутюн Владимирович, Алматы облысының Қапшағай қаласының аға жаттықтырушысы Марат Арипов, Алматы облысының Боралдай қаласының аға жаттықтырушысы Оксана Поцелуева және Қазан қаласында өткен ТМД ойындарының каратэден күміс жүлдегері Ишманов Орынбасар қатысты.


Бөрлі ауданы Ақсай қаласының әкімі Баяндыков Арсен Толқынұлы жарыстың шымылдығын ашып, құттықтау сөз сөйледі. Спортшыларды жарыстың ашылуымен құттықтап, сәттілік тіледі. Өз кезегінде шақырылған қонақтар құттықтау сөз сөйлеп, тілектерін жеткізді және қатысушы командаларға сәттілік тіледі.

Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер арнайы алғыс хаттармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайберген Сербияда беделді «Ағайынды Карич қоры» сыйлығын алды
Костенко шахтасындағы апат: Әнші Димаш жас баласы бар 20 отбасыға 20 миллион теңге аударды
"Құрмет" орденіне байланысты шудан кейін Әли Оқапов барлық марапатынан бас тартты
Раим мен Ерке Есмахан жуырда сәбилі болатынын хабарлады
Алматыдағы фитнес-клубта блогер Әсел Асқар соққыға жығылды
Мультимедиа
Қазақстан Президенті бірқатар келісімге қол қою рәсіміне қатысты
Қазақстанның энергожүйесін жаңғырту: Батыс аймағы желісінің қуаттылығы екі есеге артты
Қазақстан мен Того президенттері шағын құрамда келіссөз жүргізді
Шымкентте әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы бақылауда
Теңге дизайны өзгерді