Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Оралда «JRO барысы» облыстық турнирі оздырылды

Бөрлі аудандық Жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы ұйымдастыруымен және Бөрлі аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі, Ақсай спорт кешені, Бөрлі аудандық БЖСМ қолдауымен Батыс Қазақстан облысы жастар ресурстық орталықтары арасында қазақ күресінен «JRO барысы» облыстық турнирі өтті, деп хабарлайды kazlenta.kz.

«Бөрлі» спорт кешенінде  Батыс Қазақстан облысы жастар ресурстық орталықтары арасындағы  қазақ күресінен «JRO барысы» облыстық турнирі өткізілді. Жарыстың ашылу салтанатына Бөрлі ауданы әкімінің орынбасары Көшкінбаев Алпамыс Жанабайұлы және БҚО жастар ресурстық орталықтарының директорлары  қатысты. Бөрлі ауданы әкімінің орынбасары Алпамыс Көшкінбаев, Облыстық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының басшысы - Әділгерей Сырымбетұлы  палуандарға сәттілік тілеп, қатысушыларға дем берді. Бөрлі ауданының ақсақалы Макс Базарбайұлы жарыс алдында палуандарға батасын берді.

Ептілік пен күш бағаланатын турнирге 9 команда, атап өтсек 70 келіге дейінгі 8 өгіз палуан және 70 келіден жоғары 8 түйе палуан қатысты.


Жарыстың марапаттау рәсімінде Бөрлі ауданы әкімінің орынбасары Алпамыс Жанабайұлы спортшыларды марапаттап, арнайы сыйлықтар табыстады.

Жоғарғы деңгейде өткен жарыс қорытындысы бойынша 70 келіге дейінгі өгіз палуандар арасында Теректілік Равиль Мухамбеткалиев 3 орынды қанжығаласа, Бөрлі ауданынның спортшысы Төрехан Мықтыбаев 2 орынды иеленді. Ал Оралдық Аңсар Ибраев 1 орын иеленіп, жеңімпаз атанды. 70 келіден жоғары түйе палуандардың тартысты ойындарының нәтижесі бойынша Бәйтерек ауданының тумасы Темірлан Батырбаев 1 орынды иеленсе, Оралдық спортшы Дулат Жүсіпқалиев 2 орынға табан тіреді. Ал Нұрсұл Сәрсенбаев 3 орынды қанжығасына байлады.


Ибраев Аңсар Ихсанұлы, Облыстық Жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы басшысының орынбасары, жеңімпаз: 

Шара жоғарғы  деңгейде өтті. Ұйымдастыру жағы өте керемет болды, қатысушалар да жақсы дайындықпен келген. Деңгей барлық жағынан жоғары болды. 1 жыл бойы боз кілемге шықпағандықтан аздап қорқыныш болды. Осыдан 1 жыл бұрын жатығу кезінде аяғым 2 жерден сынып, жарақат алған болатынмын. Сол жарақатты уайымдағаным болмаса, кездесулер қызықты әрі тартысты өтті.

Үрейге қарамастан ешқандай жарақатсыз 3 кездесу өткізіп, чемпион атандым. Белдікті ұтып, кіші ұлымның беліне таққым келді. Мен үшін басты мотивация осы болды.


Айбарша ЛЕКЕРОВА
Орал қаласы
скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайберген Сербияда беделді «Ағайынды Карич қоры» сыйлығын алды
Костенко шахтасындағы апат: Әнші Димаш жас баласы бар 20 отбасыға 20 миллион теңге аударды
"Құрмет" орденіне байланысты шудан кейін Әли Оқапов барлық марапатынан бас тартты
Раим мен Ерке Есмахан жуырда сәбилі болатынын хабарлады
Алматыдағы фитнес-клубта блогер Әсел Асқар соққыға жығылды
Мультимедиа
Президент Мәртөк ауданындағы Саржансай cпорт кешеніне барды
Қазақстан Президенті бірқатар келісімге қол қою рәсіміне қатысты
Қазақстанның энергожүйесін жаңғырту: Батыс аймағы желісінің қуаттылығы екі есеге артты
Қазақстан мен Того президенттері шағын құрамда келіссөз жүргізді
Шымкентте әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы бақылауда