Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қазақстан мен Моңғолия арасындағы стратегиялық серіктестік дамып келеді

Қазақстан мен Моңғолия арасындағы стратегиялық серіктестік дамып келеді
Фото: primeminister.kz

Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаевтың Қазақстан мен Моңғолия арасындағы сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссияның оныншы отырысына қатысуға арнайы келген Моңғолия Премьер-министрінің орынбасары Н. Номтойбайармен кездесті, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кездесу барысында Нұрлыбек Нәлібаев Қазақстан мен Моңғолияның стратегиялық серіктестігі практикалық ынтымақтастықты кеңейту және үкіметаралық тұрақты диалогті қолдау үшін сенімді негіз болып отырғанын атап өтті.

«Біз маңызды сауда серіктесіміз Моңғолиямен ынтымақтастықты жан-жақты дамытуға ерекше назар аударамыз», — деді Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің бірінші орынбасары. 

Ол өзара сауда көлемін одан әрі арттырудың және мемлекет басшыларының екіжақты сауда көлемін бес есе ұлғайту туралы келісіміне қол жеткізудің маңыздылығын атап өтті.

Биыл сәуір айында Моңғолия Президенті У. Хурэлсухтың Астанаға жасаған мемлекеттік сапары барысында қол жеткізілген уағдаластықтарды толыққанды жүзеге асыру қажеттігі айтылды.

Тараптар сауда, энергетика, атом, цифрлық, қаржы, мәдени-гуманитарлық салалардағы жоғары деңгейдегі негізгі уағдаластықтарды ілгерілету үшін екі Үкіметтің күш-жігерін жандандыру қажеттігіне келісті.

Әріптестіктің айтарлықтай әлеуеті ауыл шаруашылығы мен тау-кен секторында, кен орындарын барлау мен игеру, минералдық шикізаттарды өңдеу жобаларында шоғырланғанын атап өтті.

Бұл ретте тараптар тауар айналымы өсуінің басты шарттарының бірі саналатын елдер арасындағы көлік-логистикалық инфрақұрылымды дамытудың маңыздылығына да назар аударды.

Тараптар биылғы маусым айынан бастап қос ел астанасы арасындағы тікелей әуе қатынасының ашылғанын атап өтіп, қосымша әуе бағыттарын іске қосу мүмкіндігін талқылады.

Кездесу соңында Қазақстан мен Моңғолия арасындағы бұған дейін қол жеткізілген келісімдерді жүзеге асыруға және бірлескен жобаларды ілгерілету жөнінде белсенді жұмыс істеуге келісті.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Шымкентте Тіленшин көшесіндегі жаңа автокөлік өткелі ашылды
Almaty Marathon-да қайта өңдеуге жіберілетін қалдықтар жиналды
Қала күні мен Дүниежүзілік тазалық күніне орай 50 мыңнан астам алматылық жалпықалалық сенбілікке қатысты
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді