Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматыға «ТМД-ның 2026 жылғы спорт астанасы» сертификаты табысталды

Алматыға «ТМД-ның 2026 жылғы спорт астанасы» сертификаты табысталды
Фото: Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі

27 қыркүйекте Алматыда қаланың «ТМД-ның 2026 жылғы спорт астанасы» мәртебесін растайтын сертификатты салтанатты түрде табыстау рәсімі өтті. Іс-шара 15 жылдық мерейтойын атап өткен Almaty Marathon аясында Республика алаңында ұйымдастырылды. Бұл туралы Алматы қаласы Спорт басқармасының өкілдері мәлімдеді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Салтанатты рәсімге Қазақстан Республикасының Туризм және спорт вице-министрі Серік Жарасбаев, ТМД Бас хатшысының орынбасары Нұрлан Сейтимов, Алматы қаласы Спорт басқармасының басшысы Дархан Нұрханұлы, сондай-ақ ТМД-ға мүше тоғыз мемлекет – Қазақстан, Әзірбайжан, Армения, Беларусь, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстан өкілдері қатысты.

Алматыға ТМД-ның спорт астанасы мәртебесі бұған дейін берілген болатын. 2026 жыл бойы осы мәртебе аясында қалада дене шынықтыру мен спортты дамытуға, салауатты өмір салтын насихаттауға және халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған бірқатар ірі спорттық іс-шаралар мен бастамалар жүзеге асырылып келеді.

Рәсімнен кейін ТМД-ға мүше мемлекеттердің Дене шынықтыру және спорт жөніндегі кеңесінің отырысы өтті. Кездесу барысында спорт саласын дамытуға қатысты өзекті мәселелер қаралып, тараптар тәжірибе алмасты және бірлескен жұмыстың алдағы бағыттарын талқылады.

Алматыда Кеңес отырысын өткізу қаланың «ТМД-ның 2026 жылғы спорт астанасы» мәртебесіне ие болған жылында ерекше маңызға ие. Жыл бойы мегаполис халықаралық және республикалық жарыстарды, бұқаралық спорттық іс-шаралар мен басқа да ауқымды додаларды қабылдап келеді.

Алматыда бұқаралық спортты дамытуға, спорт инфрақұрылымын жетілдіруге және тұрғындардың тұрақты түрде дене шынықтырумен айналысуына жағдай жасауға ерекше көңіл бөлінеді. Ірі жарыстарды өткізумен қатар, қала халықаралық спорттық байланыстарды кеңейтіп, тәжірибе алмасуға және бірлескен бастамаларды жүзеге асыруға мүмкіндік жасап келеді.

«ТМД-ның 2026 жылғы спорт астанасы» мәртебесі жыл бойы Алматыда өтетін спорттық іс-шаралар мен халықаралық бастамаларды біріктіріп, ТМД-ға мүше мемлекеттер арасында дене шынықтыру және спорт саласындағы ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал етеді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Almaty Marathon-да қайта өңдеуге жіберілетін қалдықтар жиналды
Қала күні мен Дүниежүзілік тазалық күніне орай 50 мыңнан астам алматылық жалпықалалық сенбілікке қатысты
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді