Астанада Халықаралық қарттар күніне орай «Елорда» халықтық ардагерлер хорының мерекелік концерті өтті. Іс-шара Әл-Фараби атындағы Оқушылар сарайында ұйымдастырылды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Концерт барысында хор мүшелері музыкалық шығармаларын қойып, мерекелік көңіл-күй сыйлады. Іс-шара аға буын өкілдеріне құрмет көрсетуге, олардың еңбегі мен өмірлік тәжірибесін дәріптеуге және ұрпақтар сабақтастығын нығайтуға бағытталды.
Қатысушылардың бірі Үміт Әлібекқызының айтуынша, мұндай іс-шаралар аға буын өкілдеріне қолдау көрсетіп, олардың өнерге деген қызығушылығын арттыруға мүмкіндік береді.
«Біз үшін мұндай концерттер – өнерімізді ортаға салатын ғана емес, аға буын өкілдерімен қуанышымызды бөлісіп, кейінгі ұрпаққа өнеге көрсететін тағылымды басқосу. Осындай мәні зор кездесулердің жалғаса бергенін қалаймыз», – деді ол.