Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Азық-түлік келісімшарт корпорациясы оңтүстік өңірлерге астық тиелген 427 вагон жөнелтті

Азық-түлік келісімшарт корпорациясы оңтүстік өңірлерге астық тиелген 427 вагон жөнелтті
Фото: ҚР АШМ баспасөз қызметі

Азық-түлік келісімшарт корпорациясы егін жинау науқаны кезінде өз қорларындағы бос астық көлемін азайтуда. Шілде-тамыз айларында ұлттық астық операторы Түркістан облысына бидай тиелген 427 вагон жөнелтті, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі ҚР АШМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жалпы, өңір Солтүстік Қазақстан және Ақмола облыстарындағы элеваторлардан 30 мың тонна астық өнімін алды. Жеткізілген астықтың басым бөлігін үшінші және төртінші сыныпты бидай құрады. Астықты өңірлер арасында қайта бөлу бидай өндіру мүмкіндігі климаттық және топырақ жағдайларына байланысты шектеулі өңірдегі азық-түлік теңгерімін сақтауға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар солтүстік өңірлерден астық жөнелту жаңа өнімді қабылдау үшін элеваторлардың сыйымдылығын босатуға жол ашады. Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров егін жинау науқанына дейін астық қабылдау инфрақұрылымын уақтылы дайындауды тапсырған болатын.

Бос астық қорларының азаюы мемлекеттік қорға әсер етпейді. Корпорацияның астық базаларында азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған 500 мың тонна азық-түлік астығы тұрақты түрде сақталады.

Тағы 200 мың тоннаны тұрақты жем қоры құрайды. Ол құс және мал шаруашылығы кәсіпорындарын, құрамажем өндіретін зауыттарды қолдау үшін пайдаланылады. Сондай-ақ құрғақшылық, төтенше жағдайлар немесе өзге де күтпеген жағдайлар туындаған кезде бұл қорды пайдалануға болады.

Астық қорлары Азық-түлік келісімшарт корпорациясының еншілес кәсіпорны – «Астық қоймалары» серіктестігінің астық базаларында және серіктес элеваторларда сақталады. Олардың жалпы астық сақтау сыйымдылығы 8,9 млн тоннадан асады.

Азық-түлік қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік саясат пен негізгі тәсілдерді Ауыл шаруашылығы министрлігі айқындайды. Ал ұлттық оператор ретінде Азық-түлік келісімшарт корпорациясы астықты сатып алуды, сақтауды және өңірлер арасында қайта бөлуді жүзеге асырады.

Жыл сайын астық қоры ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерден астық сатып алу арқылы толықтырылып, жаңартылып отырады. Егін жинау аяқталғаннан кейін форвардтық бағдарламаға қатысатын шаруалар астықты мемлекеттік қорға жеткізе бастайды. Бұдан бөлек, ұлттық оператор қорды толықтыру және жаңарту мақсатында нарықтан тауарлық астық сатып алады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді