Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

2025 жылы Азық-түлік келісімшарт корпорациясының астық базаларынан астық жөнелту көлемі 25 пайызға артты

2025 жылы Азық-түлік келісімшарт корпорациясының астық базаларынан астық жөнелту көлемі 25 пайызға артты
Фото: ҚР АШМ баспасөз қызметі

2025 жылы Азық-түлік келісімшарт корпорациясының еншілес ұйымы — «Астық қоймалары» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі элеваторлардың тұрақты жұмысын қамтамасыз етіп, астықтың, оның ішінде мемлекеттік қордың сақталуын толық деңгейде жүзеге асырды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі ҚР АШМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қаңтар айынан желтоқсан айына дейін серіктестіктің астық қабылдау пункттеріне 434 мың тонна астық қабылданды, оның 358 мың тоннасы — жаңа өнім. 2026 жылғы 19 қаңтардағы жағдай бойынша «Астық қоймалары» серіктестігінің элеваторларында 264 мың тонна астық сақтаулы.

Жыл бойы төрт астық базасынан 432 мың тонна дәнді және майлы дақылдар жөнелтілді. 2024 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда жөнелту көлемі 25 пайызға өсті.

Астық қабылдау үдерісінің ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында барлық астық қабылдау бекеттерінде ауыл шаруашылығы өнімін өлшеудің сурет арқылы тіркеуі бар ақпараттық жүйе енгізілді. Бұл адам факторы әсерін барынша азайтуға мүмкіндік береді.

Өткен жылдың қорытындысы бойынша серіктестік астық қабылдау бекеттерінің инфрақұрылымын күтіп-ұстау және жаңғыртуға 404 миллион теңге бөлді. Үш астық базасы үшін астық кептіргіш қондырғылар мен автокөлік сатып алынды, қойма ғимараттары жөнделді, сондай-ақ теміржол кірме жолдарындағы бағыттама ауыстырылды.

2026 жылы «Астық қоймалары» өндірістік қуаттарды жаңғыртуды жалғастыра отырып, элеватор желісінің мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған инвестициялық жобаларды іске асыруды жоспарлап отыр.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті