Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматыда 3 мыңнан астам бірінші сынып оқушысына кітап сыйға тартылды

Алматыда 3 мыңнан астам бірінші сынып оқушысына кітап сыйға тартылды
Фото: Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі

1 қыркүйек – Білім күніне орай Алматы қаласы Мәдениет басқармасына қарасты Орталықтандырылған кітапхана жүйесі дәстүрлі «Бірінші сынып оқушыларына – кітапханадан сыйлық» акциясын өткізді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Биыл акция аясында Алматының сегіз ауданындағы 22 мектептің 3 мыңнан астам бірінші сынып оқушысына балалар кітаптары жинақталған арнайы сыйлық топтамалары табысталды.

Акцияның мақсаты – балалардың мектептегі алғашқы күнін ерекше қуанышқа бөлеу, оларды кітапхана әлемімен таныстыру және ерте жастан кітап оқуға деген қызығушылығын қалыптастыру.

«Баланың мектептегі алғашқы қадамы кітаппен басталса, оның білімге, оқуға және ізденуге деген қызығушылығын қалыптастыруға оң әсер етеді. Біз әр баланың кітаппен достығы ерте жастан басталғанын қалаймыз», – деді Қазақстан жазушылары кітапханасының жетекшісі Мақпал Мұхаммедова акцияның маңыздылығын атап өтіп.

Акцияны ұйымдастыруға серіктестер де зор қолдау көрсетті. Балаларға арналған мерекені ерекше өткізуге «Атамұра», «Steppe world», «Ол-Жас», «Kazformoms», «Астана-кітап», «Мектеп», «Ана тілі», «Арман-ПВ», «Alqa publishing» баспалары, «KitapAl» және «Ziyat» кітап дүкендері, Қазақстан Жазушылар одағы, сондай-ақ Баян Болатханова, Ділдар Мамырбаева, Сәуле Досжан, Бейбіт Сарыбай, Ильяс Юсуф, Қанат Қайым, Ермахан Шайхы сынды авторлар мен белгілі кәсіпкер Шатырхан Керімбек қолдау көрсетті.

Акция балаларды кітап оқуға баулып, оқу мәдениетін қалыптастыруға және мектептегі алғашқы күннен бастап кітаппен дос болуға бағытталған.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді