Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

«Бірлік» шаруа қожалығы Қазақстандағы үздік шұбат өндіруші деп танылды

«Бірлік» шаруа қожалығы Қазақстандағы үздік шұбат өндіруші деп танылды
Фото: ҚР АШМ баспасөз қызметі

Ақтауда «SHUBAT FEST-2026» республикалық шұбат гастрономиялық фестивалінің салтанатты шарасы өтті, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі ҚР АШМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ауқымды іс-шараға отандық өндірушілер, шағын және орта бизнес өкілдері, сарапшылар мен қолөнершілер, сондай-ақ қала тұрғындары мен қонақтары қатысты.

«SHUBAT FEST-2026» дәстүрлі ұлттық сусыннан бастап, түйе сүті негізінде әзірленген заманауи өнімдерге дейінгі отандық өнімдердің әлеуетін танытатын маңызды алаңға айналды. Мұндай бастамалар ұлттық гастрономиялық мұраны сақтауға, отандық кәсіпкерлікті қолдауға және агроөнеркәсіптік кешенді дамытуға жаңа мүмкіндіктер ашуға ықпал етеді.

Биыл фестивальге шұбат өндірушілерден 83 өтінім келіп түсті. Іріктеу кезеңінің қорытындысы бойынша мәреге Маңғыстау және Атырау облыстарынан 20 қатысушы жолдама алды.

Мәрелік шара ауқымды дәм тату форматында ұйымдастырылды. Қатысушылар ұсынған өнімдерді жасы 18-ден асқан 3 мың тіркелген қатысушы бағалады. Сонымен қатар келушілер фестивальдің басты аталымы бойынша жеңімпазды анықтаудың негізгі өлшемдерінің бірі болған халықтық дауыс беруге қатысты.

«Үздік шұбат» аталымының жеңімпазы үш бағыт бойынша жүргізілген кешенді бағалау нәтижесінде анықталды. Қорытынды бағаның 20%-ын халықтық дауыс беру, 40%-ын зертханалық сараптама және 40%-ын кәсіби қазылар алқасының бағасы құрады. Мұндай тәсіл тұтынушылардың пікірін, өнім сапасының нақты көрсеткіштерін және кәсіби сарапшылардың бағасын қатар ескеруге мүмкіндік берді.

Фестиваль аясында түйе сүті негізінде өндірілетін өнімдердің көптеген түрлері таныстырылды.
Жергілікті кәсіпкерлер мен қолөнершілер жәрмеңкесінде өңірдегі шағын және орта бизнес өкілдерінің өнімдері ұсынылды. Атап айтқанда, ұлттық нақыштағы қолөнер бұйымдары, әшекейлер, ұлттық киімдер және отандық өндірістің басқа да тауарлары көпшілік назарына ұсынылды.

Жәрмеңке жергілікті кәсіпкерлерге өз өнімдерін кең аудиторияға таныстыруға, өңірлік брендтердің танымалдығын арттыруға, сондай-ақ әлеуетті тұтынушылармен және серіктестермен жаңа байланыстар орнатуға мүмкіндік берді.

Фестивальге қатысушылардың айтуынша, түйе сүтін қайта өңдеуді дамыту отандық өнімдердің түрлерін кеңейтіп, оларды ішкі нарықта ілгерілетуге жаңа мүмкіндіктер ашады.

«Мұндай іс-шаралардың отандық өндірушілердің өнімдерін танымал ету және дәстүрлі тағамдарға деген қызығушылықты арттыру үшін маңызы зор. Бүгінде агроөнеркәсіптік кешеннің алдында ауыл шаруашылығы шикізатын өндіру көлемін арттырумен қатар, оны терең өңдеуді дамыту, қосылған құны жоғары өнім шығару және өткізу нарықтарын кеңейту міндеті тұр. Осы тұрғыдан алғанда, түйе шаруашылығын дамыту және түйе сүтін қайта өңдеу еліміздің өңірлері үшін айтарлықтай әлеуетке ие», — деді ҚР АШМ Мал шаруашылығы департаментінің директоры Бағлан Аймырзаев.

Фестиваль барлық байқау аталымдары бойынша жеңімпаздарды салтанатты түрде марапаттау рәсімімен қорытындыланды.

«Үздік шұбат» аталымының бас жүлдесі — GWM Poer автокөлігі Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласындағы «Бірлік» шаруа қожалығына табыс етілді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді