Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматыда «Береке Fest» аясында ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді

Алматыда «Береке Fest» аясында ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді
Фото: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Жәрмеңке күні қала тұрғындары мен қонақтарына 420 тонна өнім ұсынылады, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2025 жылы 4-5 қазанда Алматыда Алматы облысының тауар өндірушілері мен қала кәсіпорындары қатысатын кеңейтілген ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді. Іс-шара «Береке Fest» республикалық бастамасы аясында ұйымдастырылады. Жәрмеңке бірінші кезектегі қажетті өнімдердің бағасын тұрақтандыруға, отандық өндірушілерді қолдауға және қазақстандық өнімді тұтынуды ынталандыруға бағытталған.

Жәрмеңкеге Алматы облысының 12 ауданы мен Алматы және Қонаев қаласы қатысады. Қала тұрғындарына 50-ден астам өнім түрі: ет және сүт, жемістер мен көкөністер, шұжық өнімдері, ұн, жарма, өсімдік және мал майы ұсынылады. Жәрмеңкедегі өнімнің жалпы көлемі 420 тонна, оның ішінде 100 тонна ет, 150 тонна жеміс-көкөніс, 50 тонна сүт және 120 тонна басқа да өнімдер.

Алматылықтар мен қала қонақтары қажетті өнімдерін тікелей өндірушілерден қолжетімді бағамен сатып алады.

Жәрмеңке сағат 8:00-ден 17:00-ге дейін Қазыбек би көшесінде, Абылай хан даңғылынан Панфилов көшесіне дейінгі аралықта өтеді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті