Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматыда «KitapFest-2026» ауқымды екі күндік кітап фестивалі өтті

Алматыда «KitapFest-2026» ауқымды екі күндік кітап фестивалі өтті
Фото: Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Алматының Арбат алаңында «KitapFest-2026» кітап фестивалінің екінші күні өтті. Наурыз мерекесі қарсаңында ұйымдастырылған бұл іс-шара мәресіне жетті, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Екі күн ішінде фестивальге 40 000-ға жуық адам келіп, 15 000-нан астам кітап сатылды. Фестивальге еліміздің 40-тан астам баспасы қатысып, классикалық әдебиеттен бастап заманауи бестселлерлерге дейінгі таңдаулы туындыларын оқырман қауымға ұсынды. Жәрмеңкенің басты ерекшелігі болған AR-кітаптар қатысушылардың қызығушылығын оятты.

Мәдени іс-шара аясында Байахмет Жұмабайұлы, Бигелді Ғабдуллин, Маралтай Райымбекұлы, Асылы Осман, Бейбіт Сарыбай сынды ақын-жазушылармен және қоғам белсенділерімен әдеби кездесулер өтіп, жаңа кітаптардың тұсаукесер рәсімдері ұйымдастырылды.

Биылғы «KitapFest-2026» фестивалінің басты жаңалығы – заманауи технология мен ұлттық дәстүрді ұштастырған «Smart киіз үй» интерактивті алаңы болды. Бұл ерекше цифрлық кеңістікте қала тұрғындары мен қонақтарына өзіне-өзі қызмет көрсету аппараты және сирек әрі құнды кітаптардың мазмұнды көрмесі ұсынылды. Сонымен қатар, келушілер көне басылымдарды қалпына келтіру үдерісін тікелей тамашалап, кітаптарды қайта жаңғырту барысымен танысты. Сондай-ақ, «Smart киіз үй» қонақтары VR-көзілдірік арқылы әлемнің ең дамыған кітапханаларына виртуалды саяхат жасап, арнайы AI-фотобудкада естелік суреттерге түсті.

Фестиваль аясында Алматы кітапханаларының мобильді қосымшасы алғаш рет таныстырылып, оқырмандарға жаңа мүмкіндіктер ұсынылды. Енді кітапхана қызметтерін ұялы телефонға қосымшаны жүктеу арқылы кез келген уақытта қолжетімді пайдалану мүмкіндігі бар.

іс-шара барысында ұлттық және дәстүрлі өнерге ерекше мән беріліп, қала тұрғындары мен қонақтары үшін дәстүрлі қолөнер шеберлерінің шеберлік сабақтары ұйымдастырылды. Әдеби шығармалардағы «жанды» кейіпкерлер бейнесінде өнер көрсеткен қатысушылар қонақтардың ерекше қызығушылығын тудырды. Фестиваль мерекелік концерттік бағдарламамен жалғасып, дәстүрлі ән мен домбыра үні көрермендерге ерекше көңіл күй сыйлады.

Екі күн ішінде «KitapFest-2026» фестивалі қала мәдениетінің маңызды оқиғасына айналып, дәстүр мен заманауи технологияны ұштастырды. Интерактивті аймақтар, жазушылармен кездесулер және инновациялық цифрлық шешімдер қала тұрғындары үшін біртұтас мәдени кеңістік қалыптастырып, шабыт сыйлаған ерекше атмосфераны қалыптастырды әрі Алматының мәдени өмірінің дамуына ықпал етті.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы